Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Басқарма туралы

Басты бет / Басқарма туралы

Басқарма туралы

 «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ 

  1.  Жалпы ережелер
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  3. Басқарманыңведомстволары жоқ.
  4. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. Басқармаұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  6. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
  7. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  8. Басқармаөз құзыретiнiң мәселелерiбойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқармабасшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  9. Басқарманыңқұрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi:

пошталық индексі 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Достық алаңы, 1.

  1. Мемлекеттiк органның толық атауы:

«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

  1. Осы Ереже Басқарманыңқұрылтай құжаты болып табылады.
  2. Басқармақызметiн каржыландыружергiлiктi бюджетiнен жүзеге асырылады.
  3. Басқармағакәсiпкерлiк субъектілеріменБасқармафункциялары болып табылатын мiндеттердiорындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармазаңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiнежiберiледi.

 

  1. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,функциялары,
    құықтары мен міндеттері
  2. Басқарманыңмиссиясыөңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру.
  3. Мiндеттерi:

1) өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың ішкі саяси тұрақтылықты,ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің және әкімдігінің Басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

4) өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

5) өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Мемлекеттің дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша  ұсыныстар әзірлеу;

6) өңірдегі ішкі саяси процесстерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

7) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

  1. Функциялары:

1) мемлекеттікәлеуметтіктапсырысты жүзегеасыратынүкіметтікемесұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелікқолдау көрсету;

2)үкіметтікемесұйымдарменөзараіс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегікеңестердіқұру;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппенмемлекеттікәлеуметтіктапсырыстықалыптастыруды және іскеасыруды жүзегеасыру;

4) өңірлік бұқаралық ақпаратқұралдары арқылымемлекеттік ақпараттықсаясаттыіскеасыру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппенөңірлік деңгейдемемлекеттік ақпараттықсаясатты жүргізу жөніндегімемлекеттіктапсырыстықалыптастыру, орналастыру және оның жүзегеасырылуын бақылау;

6) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

7) Қазақстан Республикасымемлекеттік рәміздерініңтиістіәкімшілік-аумақтықбірліктіңаумағындапайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзегеасыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

құқықтары:

1)мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға. Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

2) жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;

3) Басқарманың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылау сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;

4)лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсету.

міндеттері:

1) өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

2) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың  өңірдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-насихаттық топтарды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету.

  1.      Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
  2.      Басқармаға басшылықты Басқармағажүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
  3.      Басқарманыңбiрiншi басшысын Жамбыл облысы әкіміқызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4.      Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын жәнеқызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21.Басқарманың бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

  • Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
  • Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
  • белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
  • белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
  • өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
  • Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
  • Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
  • Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
  • Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
  • Басқарманың Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;
  • белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтерінің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
  • заңдылықтың, Басқарманың қызметіндегі келісім-шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

Басқарманыңбасшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
  2.  Мемлекеттiк органның мүлкi
  3. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

Басқармамүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқарма бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқармаөзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
  3. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
  4. Басқарманықайта ұйымдастыру жәнетарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Жамбыл облысыәкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

  1. Жамбыл облысыәкімдігініңішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
Күнтізбе