Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімі

Басты бет / Басқарма туралы / Басқарма бөлімдері / Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімі

Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімі

Бөлім ережесі

  1. Жалпы ереже

1.1. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының  мониторинг бөлімінің бас маманы мамандар санатына жатады.

1.2. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімінің бас маманы басқарма басшысының бұйрығымен жұмысқа тағайындалады және жұмыстан босатылады.

1.3. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімінің бас маманы білу қажет:

1.3.1. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.         «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының  «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Телерадиохабарларын тарату туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын;

1.3.3. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлім туралы Ережесін;

1.3.4. Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.3.5. Түрлі сала бойынша әзірленген Медиа-жоспарларды;

1.3.7. Бөлімнің жоспарын.

1.3.6 «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу;

1.4. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімінің бас маманы осы бөлімге жетекшілік ететін басқарма басшысының орынбасарына және бөлім басшысына бағынады.

1.5. Бөлімнің бас маманы болмаған уақытта (еңбек демалысы, ауырып калу, іссапар және т.б.) оның құқығы мен міндеттері Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының монииторинг жөніндегі бөлімінің бас маманына жүктеледі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімінің бас маманының құқықтары

2.1. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімінің бас маманы құқылы:

2.1.1. Бөлімнің қызметіне қатысты өкімдер мен бұйрықтар жобасымен танысуға;

2.1.2. Бөлім қызметін жақсарту бойынша басқарма басшысының қарауына ұсыныстар енгізуге;

2.1.3. Жоғары тұрған органдардың, Басқарма басшысының, орынбасарларының, бөлім басшысының тапсырмаларын, есептер мен ақпараттар жіберуге және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға;

2.1.4. Бөлімнің жұмысын жақсартуға пікірін білдіруге;

2.1.5. Бөлім басшысына  бөлім  қызметкерлеріне шара қолдану үшін ұсыныс жасауға;

2.1.6. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне және басқарма басшысының тапсырмаларына сәйкес басқа да жұмыстар атқаруға.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімінің бас маманының міндеттері 

3.1. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімінің бас маманының міндеттері:

3.1.1. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша әдістемелік материалдардың әзірленуін ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарына, жергілікті басқару органдарына әдістемелік көмек көрсету;

3.1.2. Барлық тоқсандық, айлық есептерді дайындау;

3.1.3. Ақпараттар мен есептері әзірлену, құжаттарды жинастыру және мұрағаттандыру жұмыстарын жасау;

3.1.4. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жасау.

3.2. Ұйымдастырады:

3.2.1. Бұқаралық ақпарат құралдарында заңдылық талаптарының сақталуын қадағалау;

3.2.2. Бұқаралық ақпарат құралдарында адамға кері әсер тигізетін ақпараттардың жарияланбауына талдау жүргізу;

3.2.3. Облыс әкімінің зиялы қауым өкілдерімен кездесуін, оларға облыс әкімінің жыл сайынғы стипендиясын тапсыру жұмысын;

3.2.4. Облыстың әлеуметтік – экономикалық саласындағы жетістіктерін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында өтетін шығармашылық конкурстың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;

3.2.5. Жеке кәсіпкерлердің газет ашу туралы өтініштерін қарау;

3.2.6. Белгіленген тәртіпте келіп түскен азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарауды;

3.2.7. Құжаттармен жұмыс істегенде қызметтік және мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауды қамтамасыз етуді;

3.2.8. Бөлімнің жұмыс барысына бақылау жасауды;

3.2.9. Орындауға түскен хаттарды;

3.2.10. Басқарма басшысының, орынбасарларының, бөлім басшысының тапсырмаларын;

3.2.11. Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Басқарма басшысының тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімі бас маманының жауапкершілігі

4.1. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімінің бас маманы жауапты:

4.1.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерін орындамағаны үшін;

4.1.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқықбұзушылықтар және өз құзіретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқықбұзушылықтар үшін;

4.1.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін;

4.1.4. Ақпараттар мен есептер дер кезінде берілмегені үшін;

4.1.5. Бөлім қызметкерлерінің ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін;

4.1.6. Қызметтік құпияны жария еткені үшін.

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
Күнтізбе