Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Қаржы-шаруашылық бөлімі

Басты бет / Басқарма туралы / Басқарма бөлімдері / Қаржы-шаруашылық бөлімі

Қаржы-шаруашылық бөлімі

Бөлім ережесі

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімі туралы

Ереже

  1. Жалпы ережелер
  1. Қаржы-шаруашылық бөлімі (ары қарай-бөлім) бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік жөніндегі іс жүргізу жұмыстарын жүргізетін облыс әкімдігінің ішкі саясат басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілеріне, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа, «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүргізеді.
  1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары
  1. Бөлімнің міндеттері:

- бухгалтерлік есепті жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізу;

  1. Бөлімнің функциялары:
  • барлық жүргізілген қаржылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарына қондыру, бекітілген мерзімдерде бухгалтерлік, статистикалық есептерін тапсыру;
  • облыстық бюджеттен бөлінген қаржыны өз масатында пайдалану;
  • қаржылық операцияларды бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізу;
  • басқарма тепе-теңдігіндегі ақшалай қаражаттарды, тауарлы-материалдық құндылықтарды, активтерді сақтау;
  • басқарма қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу;
  1. Бөлім құқықтары
  1. Басқарма қызметкерлерінен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті құжаттарды тапсыруды талап етуге;
  2. Басқарма қызметкерлерінен мемлекет мүлкін сақтауды және оған ұқыптылықпен қарауды талап етуге;
  3. Бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының шығыстар экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша сомасы көлемінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгеріс енгізуге өтінімдер дайындауға;
  1. Бөлім жұмысының ұйымдастырылуы
  1. Штат кестесіне сәйкес бөлім саны 2 бірліктен (бөлім басшысы-бас есепші, бас маманнан) тұрады.
  2. Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы – бас есепші:

- басқарма басшысымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;

  • бөлімнің жұмыс барысына бақылау жасайды;
  • бухгалтерлік есепті республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді;

- кассалық шығыстарды бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша

бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізеді;

- бюджет қаржысын өз мақсатында пайдалануды қамтамасыз етеді;

- бухгалтерлік есептердің бекітілген мерзімінде жасалынуын және

тапсырылуын қамтамасыз етеді;

- материалдық және ақшалай қаржылардың сақталуына жауап береді

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары туралы (PDF)

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
Күнтізбе