Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Ұйымдастыру бөлімі

Басты бет / Басқарма туралы / Басқарма бөлімдері / Ұйымдастыру бөлімі

Ұйымдастыру бөлімі

Бөлім ережесі

Ұйымдастыру бөлімінің ережесі

 1.Жалпы ережелер

Ұйымдастыру бөлімі (әрі қарай Бөлім) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  1. Ұйымдастыру бөлімі облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының (бұдан әрі Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады. Оның жұмысын бір бөлім басшысы, екі бас мамандар үйлестіреді.
  2. Бөлім Басқарма басшысы бекіткен жоспарлар бойынша жұмысын жүзеге асырады.

2.Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары

Бөлім міндеттері:

  1. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік егемендікті, қоғамдық процестерді демократияландыру мен қоғамның бірігуін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысу.

Бөлім функциялары:

  1. Бөлім құзіретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының тиісті бөлімшілері мен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету.
  2. Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал мен партиялық құрылыс жұмыстарын талдау және болжамдау; ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және аймақтарға саяси процестерді демократияландыруға бағытталған ғылыми-практикалық конференциялар, тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстарын дайындау мен өткізуге қатысу, саяси партиялардың қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар әзірлеу.
  3. Қала, аудан әкімдіктерінің және басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері бойынша ақпараттық-насихат жұмысына қатысты қызметін үйлестіру және бақылау, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу және қоғамдық бірігу, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұсыныстар әзірлеу.
  4. Басқарма басшыларын дер кезінде қоғамдық саяси ахуалдағы өзгерістер бойынша хабардар ету.
  5. Соғыс және еңбек ардагерлердің, Ауған соғысына және Чернобыль апатына қатысушылардың Кеңестерімен өзара бірлескен іс-қимыл жасау.
  6. Ақпараттық мәліметтер базасын (электрондық, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, қорытындылау және классификациялау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.
  7. Ішкі саясат мәселелері жөнінде қала және аудандық әкімдіктерінен ақпараттар жинау, талдау.
  8. Аймақтағы өткізілетін қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шараларды саяси түрде қамтамасыз ету.
  9. Қоғамдық-саяси жұмысты жетілдіру бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру, қоғамдық-саяси жұмыстар жөнінде қала аудан әкімдерінің аппараттары қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастыру.
  10. Елбасының жылдағы дәстүрлі Жолдауын, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңын насихаттау жұмыстарын үйлестіру және облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құжаттарын әзірлеу.
  11. Облыс әкімі аппаратының құрылымдарымен бірлесе отырып бөлім құзіретіне енетін ұйымдастырушылық — әдістемелік жұмысты орындау.
  12. Аймақтық ішкі саяси өмірінің маңызды мәселелері бойынша әкімдік мәжілісіне материалдар дайындауға қатысу.
  13. Ішкі саяси саладағы мемлекеттің саясатын белгілейтін тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу.

 3.Бөлім құқықтары

1 .Белгіленген тәртіппен аудан, қала әкімдіктерінен, мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік емес мекемелерден, қоғамдық және өзге де ұйымдардан өзінің функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат сұрату.

  1. Басқарма басшыларына мемлекеттік органдардың ішкі  саясат аясындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, бөлімге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-анықтамалық және өзге де материалдарды жүзеге асыру.
  2. Бөлімнің құзіретіне енетін мәселелер бойынша қала және аудан әкімдіктері ішкі саясат бөлімдерінің қызметін үйлестіру.
  3. Ішкі саясат аясындағы қызмет ететін мемлекеттік органдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық көмек көрсету.

4.Бөлім жұмысын ұйымдастыру

Штаттық кестеге сәйкес бөлім қызметкерлерінің саны 3 бірліктен (1бөлім басшыдан, 2 бас мамандардан) тұрады.

Бөлім басшысы:

  1. Бөлімнің жұмыс барысына бақылау жасайды.
  2. Бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін бөледі және олардың орындалуына бақылау жасайды.
  3. Белгіленген уақытында жоғары тұрған инстанцияларға ақпараттар әзірлеу және жіберуді қамтамасыз етеді.
  4. Материалдық жабдықтардың сақталуына жауап береді.

Өткізілетін іс-шаралардың жоспары

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған негізгі іс-шаралар тізбесі

Іс-шара атауы

Өтетін орны

Мерзімі, уақыты

1.             

«Менің тұңғыш Президентім!». «Дөңгелек үстел» отырысы

М.Шолохов атындағы кітапхана

23 қараша

11.00

2.             

«Кішкентай ханшайым». Мектеп оқушылары арасында байқау

Қалалық мәдениет үйі

23 қараша

15.00

3.             

«Елін, жерін құрметтеген Елбасы!». Студенттер арасында спартакиада

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың спорт кешені

23-24 қараша

15.00

4.             

«Елбасының салиқалы саясаты – жастар болашағының кепілі». Үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу

Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залы

24 қараша

9.30

5.             

Мектеп оқушылары арасында «Көңілді мәре» жарысы

№29 орта мектеп

24-25 қараша

10.00

6.             

Төмендетілген бағамен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

Орталық «Достық» алаңы

25 қараша

9.00

7.             

Жұмысшы жастар арасында спартакиада

«Тараз-Арена» спорт сарайы

25 қараша

10.00

8.             

Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнир

«Тараз-Арена» спорт сарайы

25 қараша

10.00

9.             

Студенттер арасында спартакиада

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

27 қараша

10.00

10.        

Мерекелік концерт

Сарымолдаев атындағы балалар үйі

27 қараша

11.00

11.        

«Жаса Қазақстан!». Құрметті азаматтардың, зиялық қауым өкілдерінің қатысуымен семинар

Қалалық №6 кітапхана

27 қараша

11.00

12.        

ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Дәуірдің дара тұлғасы». Арт-керуен

«Хамукат», «Шалғай Қарасу», «Қант зауыты» ықшам аудандары

27 қараша

15.00

13.        

«Еңбегімен ерекшеленген Елбасы». Балалар сурет байқауы

Қалалық көркемөнер мектебі

28 қараша

15.00

14.        

«Кел билейік». Қалалық бишілер фестивалі

 

Қалалық мәдениет үйі

28 қараша

15.00

15.        

Елбасы туралы кітаптар авторларымен кездесу

«Достық» үйі

28 қараша

16.00

16.        

«Көшбасшы өмірбаяны – ел тарихы. Биография Лидера –история страны». Оқушылар арасында брейн-ринг

Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия

29 қараша

10.00

17.        

«Жас көшбасшылар —  Қазақстанның үміті!». Облыстық жастар форумы

Назарбаев интеллектуалды мектебі

29 қараша

11.00

18.        

«Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі». Ғылыми-практикалық конференция

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

29 қараша

11.00

19.        

Мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімі

30 мектеп-гимназия

29 қараша

16.00

20.        

«Заманның заңғар тұлғасы». Греплинг күресі бойынша ашық біріншілік

Мектептен тыс және балалар шығармашылығы орталығының спорт кешені

29-30 қараша

10.00

21.        

«Саламатты ұлт-ел болашағы» атты көпшілік спорттық жаттығу

Орталық «Достық» алаңы

30 қараша

10.00

22.        

Мал азығын өндіретін автоматтандырылған кешеннің ашылуы

«QOOD LOOK» ЖШС (Жамбыл даңғылы, №6)

30 қараша

10.00

23.        

«Елбасы – ел тірегі, абыройы, айбаты!». Мектеп оқушылары арасында фестиваль

Қалалық мәдениет үйі

30 қараша

11.00

24.        

«Келешек көші – кемеңгер басшымен». Көңілді тапқырлар клубының ойыны

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

30 қараша

14.00

25.        

«Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға». Домбыра Partу

Қалалық мәдениет үйі

30 қараша

16.00

26.        

«Елбасы жолы ертеңге өнеге. Семинар

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

30 қараша

16.00

27.        

Облыстық қазақ драма театрында «Ашық есік» күні

Облыстық қазақ драма театры

30 қараша

18.30

28.        

Қазақстанның эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың концерті

«Баласағұн» ОКЗ

30 қараша 19.00

29.        

«Ұлы тұлға — ұлт аманаты!». Жас патриоттар форумы

Қалалық мәдениет үйі

1 желтоқсан

10.00

30.        

Жеңіл атлетикадан көпшілік кросс

Достық алаңынан ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін

1 желтоқсан

10.00

 

31.        

«Кемелді келешекке — кемеңгер басшымен». Жастар акциясы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

1 желтоқсан

11.00

32.        

«Ұлы ғасырдың Ұлы тұлғасы» атты мерекелік мәдени-көпшілік іс-шара, концерттік бағдарлама

ҚР Тұңғыш Президенті саябағы

1 желтоқсан

18.00

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
Күнтізбе