Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Басқарма басшысы

Басты бет / Басқарма туралы / Басқарма басшысы

Басқарма басшысы

ҚҰРМАНҒАЛИ БЕРІК УӘЛИҰЛЫ

Құрманғали Берік Уәлиұлы, 1977 жылы туған, білімі жоғары, 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997 – 2012 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі, 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
Күнтізбе