Басшы орынбасарлары
БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ
Бегалиев Берік Дүйсенбайұлы
1989 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары
2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2010-2013 жылдары Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» мекемесінің консультанты, бөлімнің бас маманы;
2013-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» мекемесі директорының орынбасары;
2015-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты;
2017 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы;
2017 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.
Досымбекова Махпал Сатыбалдықызы
Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының 2019 жылғы №98-ж/қ бұйрығымен Досымбекова Махпал Сатыбалдықызы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Еңбек жолы:
Махпал Досымбекова бұған дейін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы, саяси партиялар және ҮЕҰ бөлімінің басшысы, бас маманы, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы; «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания акционерлік қоғамының Астана қаласындағы «Қазкөліксервис» компаниясының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмысы бөлімінің бастығының орынбасары, компания кеңсесінің бастығы; М.Х.Дулати атындағы Қаратау қаласындағы көпсалалы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, А.Пушкин орта мектебінің бастауыш сыныптарының мұғалімі болып қызмет атқарды.
Айта кетейік, осыған дейін бұл қызметте қазіргі басқарма басшысы Дауыл Бейсенқұлов атқарған.