Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Жамбылдық оқушылар жеңіспен оралды

Басты бет / Жаңалықтар / Жамбылдық оқушылар жеңіспен оралды

Жамбылдық оқушылар жеңіспен оралды

Ағымдағы жылдың 13-16 ақпан күндері Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында өткен Республикалық ғылыми жобалар жарысына Қазақстанның әр аумағынан 738 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.

Аталған додаға Жамбыл облысынан 47 жоба бойынша 57 оқушы қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Республикалық конкурс экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (математика, қолданбалы математика, экономика, информатика), экономикалық өсудің негізгі элементі ретіндегі ғылыми-техникалық прогресс (физика, технология, жер және ғарыш ғылымдары), салауатты табиғи орта — «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі (биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы), Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік маршруттар (тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, лингвистика, құқықтану) бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Облысымыздан аталған республикалық ғылыми жобалар жарысына қатысқан 57 оқушының 20-сы жүлдегер атанып, 1 оқушы алтын, 3 оқушы күміс, 16 оқушы қола медальмен және республикалық «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 20 жылдығына орай 37 оқушы Грамотамен марапатталды.

Атап айтқанда, информатика секциясы бойынша облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Нұржасаров Қорған алтын медальді қанжығасына байласа, тарих секциясы бойынша облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Бахыт Аружан, техника секциясы бойынша Тараз қаласындағы №24 гимназияның 11 сынып оқушылары Амангелді Нұртілеу мен Дуля Егор күміс медаль иегерлері атанды. Ғылыми жобалар додасының қорытындысы бойынша облысымыздың дарынды оқушылары командалық есепте І орынды жеңіп алып, алтыншы жыл қатарынан «Үздік команда» номинациясын иеленді.

Көп оқылғандар

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
Күнтізбе