Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Жамбылда сарқынды су мәселесі қашан шешілмек?

Басты бет / Жаңалықтар / Жамбылда сарқынды су мәселесі қашан шешілмек?

Жамбылда сарқынды су мәселесі қашан шешілмек?

Бүгін Тараз қаласында орналасқан «Баласағұн» мәдениет сарайында Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов халық алдында есеп — беру жиыны өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшылары және аймақ тұрғындары қатысты. Өңірдің барлық ауданындарында тікелей байланыс жүргізілді. Облыстық қоғамдық кеңестің хатшысы Сембек Сейдазимовтің сұрағы: — «Қазақстан Республикасында жалғыз Жамбыл облысында сарқынды су тазалайтын орын жоқ. Осы мәселеге көп жылдан бері көтеріліп келе жатыр, бірақ бүгінгі күнге дейін шешімін таппай отыр. Өздеріңізге белгілі, қазір жер асты суының мәселесіне мән бермесек бұл үлкен экологиялық қауіп-қатерге алып келуі мүмкін. Әрине бұл мәселеге келгенде облыс бюджетінің көтермейтінін білеміз. Республикалық бюджеттен қаржы сұрап болмаса осы мәселені шешуді өз қолыңызға алсаңыз деген халықтың өтінішін жеткізіп отырмын. Екінші мәселе, осы есептік кездесуге қатысып отырған министр мырза, Бақыт Тұрлыханұлы, сіз де осы мәселені қолдап, қол үшін берсеңіз деген сұранысымыз бар. Сауалым осы, рақмет!». — «Өте маңызды мәселені көтеріп отырсыз, осы қызметке келген кезде облыстың басты проблемалары қандай деген сұраққа жауап іздедік. 4-5 сұрақты анықтады.

Соның бірі Түркістан қаласында. Осыдан 3-4 жыл бұрын құрылды. Әрине, халқы жағынан Түркістанды Таразбен салыстыруға болмайды. Құнын екі есе көбейткеннің өзінде 25 миллиард болмайды. Ондағы тазалайтын станцияның құны 2,7-2,8 миллиард теңге. Оны үш есеге көбейтейік. 10 миллиард болғанның өзінде оны 3 жылға бөліп, этапқа бөліп, құрылысты бастауға болады деп үкіметке айтып отырмыз»- деп жауап берді Асқар Мырзахметов. Облыс әкімінің жауабына қосыла Қазақстан Республикасының қаржы министрі Бақыт Сұлтанов: — «Осы орайда өз тарапымнан пікір қоса кетсем деймін. Биылғы жылдың жолдауында Елбасы су мәселесіне қатысты арнайы назарын бөліп, нақты тапсырмалар беріп отыр. Әр жыл сайын су мәселесіне 100 миллиардқа дейін қаржы бөлуіміз керек. Суды айтқан кезде барлық мәселені шешуіміз керек. Оның ішіне су қоймасы, ауыз су, аяқ су еніп, назарға алынады. Жаңа айтқан ұсынысыңыз нақты біздің бюджеттік комисияда айтылатын болады».

Көп оқылғандар

 

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
 
Күнтізбе