Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

ӘУЛИЕАТАДА «ҰЛЫ ДАЛА РУХЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Басты бет / Жаңалықтар /  ӘУЛИЕАТАДА «ҰЛЫ ДАЛА РУХЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ӘУЛИЕАТАДА «ҰЛЫ ДАЛА РУХЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен"Ұлы дала рухы" фестивалі өтті.

Фестивалдің мақсаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының негізінде Жамбыл облысының тұрғындарына арналған рухани-мәдени іс-шаралар топтамасын ұсынып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттап, құндылықтарымызды дәріптейтін көрмелер ұйымдастырылды. 

«Достық үйінің» бірінші қабатында Астанадан арнайы келген   иллюстратор-суретші Аңсаған Мұстафаның туындылары мен БАҚ жұмыс жасайтын фототілшілердің сурет көрмелері қойылды. Сонымен қатар бірінші қабатта арнайы хештег рамкасымен «Таразға тілек» фотобұрышы ұйымдастырылды.

«Таразға тілек» фотоальбомына тілек жазып, суретке түскен жандарға «Ұлы дала рухы» іс-шарасының арнайы сыйлық дорбалары (кулек) берілді. Аталған шараға жиналған жұртшылыққа насихатшылар тобы «Жамбылдағы - Рухани жаңғыру» атты ақпараттық брошюраларын таратты.

Сондай-ақ «Ұлы дала рухы» іс-шарасының концерттік бағдарламасы ұсынылады. Кеште «Алаш ұлы» тобы, Ғани Мәтебаев, Жазира Сметова, Ербосын Қасымбек сынды әншілер ән шырқады.

Іс шара аясында әулиеаталық ақын Нұрлыбек Құрманов пенДархан Әбдіманаттың арасында жекпе-жек айтыс өтті. Бұдан бөлек тараздық жас ақындар Жанғазы Ахмет, Нұрболат Жолдасбекұлы, Данияр Әлімқұл жыр сүйер қауымға өлең шумақтарын арнады.

Сонымен қатар облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли құттықтау сөзін сөйлеп, «Ұлы дала рухы» фестиваліне қатысушыларды марапаттады.

Көп оқылғандар

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
Күнтізбе