Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Таразда “Латын әліпбиі – ел ертеңі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Басты бет / Жаңалықтар / Таразда “Латын әліпбиі – ел ертеңі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда “Латын әліпбиі – ел ертеңі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “Латын әліпбиі – ел ертеңі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Аталған дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығы негізінде, Жамбыл облысында латын әліпбиіне көшу жұмыстарының жүзеге асырылу барысын дамыту, насихаттық бағытын күшейту.

Жиында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли модератор болып жүргізді

Сондай-ақ, шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ғалымдар, ұстаздар, журналистер қатысты.

 

Сонымен бірге, дөңгелек үстелге арнайы келген қонақтар Энверт Қапаған – Түркия мемлекеті Карабюк университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор, Ерден Қажыбек – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, Жантас Жақыпов  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, профессор, ф.ғ.д, Құралай Күдеринова – Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография бөлімінің басшысы, Ержан Еңсебай – Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қатысты.

 

 

Көп оқылғандар

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
Күнтізбе