Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Назар аударыңыз: байқау!

Басты бет / Жаңалықтар / Назар аударыңыз: байқау!

Назар аударыңыз: байқау!

Назар аударыңыз: байқау!

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысының әкімдігі облыстың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тыныс тіршілігі бойынша үздік материалдар жариялау бойынша журналистер мен блогерлер арасында шығармашылық байқауын жариялайды.

 Байқаудың мақсаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті халыққа Жолдауының негізгі қағидалары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жүргізілетін реформаларға ақпараттық қолдау көрсетуді арттыру.

Аталған байқауға ұсынылған үміткерлерді іріктеу және қатысушылардың арасынан жеңімпаздарды анықтауды арнайы комиссия жүзеге асыратын болады.

Байқау келесі Номинациялар бойынша өткізіледі:

- «Үздік журналистік материал»

- «Үздік талдамалық мақала»

- «Үздік теледидарлық сюжет»

- «Үздік фотосурет»

Сондай-ақ, ынталандыру номинациясы да бар.

 Байқауға қатысу үшін 2018 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында басылымда жарияланған, теледидарда және радиода орналастырылған, сайтта, әлеуметтік желіде жарияланған материалдарға рұқсат етіледі:

1)  Басып шығарылған материал - көлемі кемінде 400 шаршы метрден кем емес газет пен журналдардың түпнұсқалары түрінде; (A4 форматындағы материалдың көлемі: кемінде 2 парақтан кем емес, шрифтінде 14);

2)  Ақпараттық агенттіктер, әлеуметтік желілерде - материалдарды шығару (тарату) күнін көрсете отырып, фотосуреттермен (Print Screen) қағаз және электрондық нұсқада;

3)  Видеосюжет - сандық мультимедиа CD, AVI, MPEG4 DVD форматында, қайтару мекенжайын және автор туралы ақпаратты көрсетеді. Эфирлік анықтама немесе редакцияның мұқабасының болуы міндетті болып табылады;

4)  Радиоэфир - цифрлы CD-лерге, DVD форматтағы нұсқасы, қайтару мекенжайын және автор (лар) туралы ақпаратты (уақыты 45 секундтан кем емес);

5)  Фотосуреттер - 18х24 см өлшеміндегі ақ-қара, түрлі-түсті суреттер түрінде, оларды жарияланған газеттің санын және күнін көрсете отырып;

6)  Байқауға ұсынылатын материалдардың саны 5-ден артық болмауы тиіс.

Байқауға құжаттар 2018 жылдың 30 қарашасына дейін облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына мына мекен жай бойынша қабылданады. Пошталық индексі: 080000, Тараз қаласы, «Достық» алаңы, 1. Сұрақтар бойынша телефондар: 45-55-73, 43-71-72, e-mail Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Конкурстың қорытындылары облыс әкімдігінің мәжілісі хаттамасында рәсімделіп ағымдағы жылдың желтоқсан айының ішінде жарияланады.

Номинация бойынша жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау туралы ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ресми сайтында (uvp-zhambyl.kz), сондай-ақ облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Көп оқылғандар

 

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
 
Күнтізбе