Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

«Жомарт жүрек»

Басты бет / Жаңалықтар / «Жомарт жүрек»

«Жомарт жүрек»

«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған деген сүйіспеншіліктен басталады.

Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керсінше, ынталандыру керек.»

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді кіші отанын дамытуға ынталандыру және қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын насихаттау мақсатында 2018 жылы «Жомарт жүрек» жобасы жүзеге асырылуда.

Аталған жоба аясында салтанатты құттықтау рәсімі барлық деңгейде ұйымдастырылды (аудандық/қалалық/облыстық/республикалық). Салтанаттың мақсаты халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және кіші отанын дамытуға қатысуға уәждемелеу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету  болып табылады.

Аудандық (қалалық) деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімі 1 шілдеден бастап 15 тамыз аралығында «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» номинациялар бойынша өткізілді.

Жамбыл облысында өңірлік деңгейде 64 адам қатысты.

Облыстық деңгейдегі рәсім ағымдағы жылдың 16 қарашасында «Туған жерге туынды тік» атты жерлестер форумы аясында өтті.

1. «Жыл тұлғасы» номинациясының лауреаты болып бойынша жеке кәсіпкер, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Дөненбаев Сайрамбай Әлиқұлұлы атанды.

Сайрамбай Дөненбаев Т.Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылына өз қаражаты есебінен «Мұрат баба» мешітін салып, халық игілігіне берді. Осы ауданда 40 орындық интернат құрылысын салып, мемлекет меншігіне өткізді. Онда аз қамтылған отбасы балалары мен алыс жайылымдардағы шопан балалары тәрбиеленуде. Сонымен қатар, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары мен 1941-1945 жылдардағы ҰОС жауынгерлеріне арналған саябақ пен мемориалды тақта салып, оны тегін мектеп балансына өткізді. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының аясында өткен ат бәйгесі ойындарына және ауданның қорына қаржы аударды. Т.Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылында 92 орындық балабақша құрылысын аяқтап, халық игілігіне ұсынды. Ауылда ұлттық ат спорты өнерін дамытуға да үздіксіз қаржылай көмек беріп келеді. Жас көкпаршыларды даярлауға қаржы бөлген. Т.Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылының А.Шынасилов атындағы орта мектеп қызметкерлері мен әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына жыл сайын үздіксіз демеуші боп, жанашырлық танытып келеді.

2. «Тараз инновациялық гуманитарлық университеті» ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы «Туған өлке» номинациясы лауреаты атағына иеленді.

 Е.Саурықов 2017-2018 оқу жылдарында университетте 12 талапкерге, оның ішінде 9 футболшы, 3 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өзінің атынан тегін оқу грантын берді. Сонымен қатар, 516 студентке әлеуметтік жеңілдік қарастырып, және әр жыл сайын отбасылы студенттердің балаларына жаңа жылдық мерекесінде арнайы сыйлық беру қарастырып, қаржы бөлген. Сондай-ақ, Е.Саурықовпен және Мойынқұм  ауданымен 5 жылға арналған өзара келісімшарт жасалынған. Е.Саурықов 2018 жылы Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің саябағында жөндеу жұмыстары жүргізуде. Сондай-ақ, осы жылы Байзақ ауданының 80 жылдық мерейтойын өткізуге қаржы аударған.

3. «Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Alga Diamond» компаниясының президенті Бекмұсаев Жанболат Қаратайұлы атанды.

Жанболат Қаратайұлы жыл сайын Жамбыл облысы Сарысу ауданының Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектеп жанындағы интернет үйінің балаларын киім-кешекпен, азық-түлікпен және жиһаздармен қамтамасыз ете отырып, көмек көрсетуде. 2018 жылы Саудакент ауылында «Стритворкаут» спорттық алаңдарының құрылысына демеушілік көмек көрсетті. Жанатас қаласында Ауған соғысы ардагерлері құрметіне естеліқ тақта орнатты.

4. Айналайын» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Разақова Айгүл Әшімқызы «Ерен еріктілік» номинациясы лауреаты атағына иеленді.

2000 жылдары А.Разақова өзінің пәтерінен әртүрлі үйірме ашып, үйірмелерге 200-ден астам ауыл балаларын қабылдайды. 2004 жылы бұл орталық толыққанды қоғамдық бірлестікке айналады. Бүгінде, орталықта «ағылшын тілі», «хореография», «еріктілер клубы», «театр», «қоршаған ортаны қорғау», «фотоклуб», «кестелеу», «балалар кітапханасы», «дизайн» үйірмелері жұмыс істейді. Жазда шағын лагерь жұмысын бастайды.Сонымен қатар, қыз жасауы, киіз үй жасауы, сол сиқты балалар тауарларын шығару қолға алынған. Клуб соңғы 8 жыл бойы қатарынан мүгедек балалардың әлеуметтік қорғалуы мен қолдауына бағытталған «Шуақ» атты киіз үй лагерін өз қаражатына жүргізеді. Волонтерлік клубының мақсаты сау балалар мен мүгедек балалар арасында қарым қатынастарды нығайту. Қазіргі таңда волонтерлік клубының қатарында 300-ге жуық еріктілер бар,  оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жастар да бар. Разақова 15 жұмыссыз әйелді жұмысқа орналастырды. Аз қамтылған отбасылар мен мүгедектерге арналған 5 аудандық қайырымдылық шара өткізді. Разақованың табыстары: Екінші халықаралық «Жібек жолы» колөнер фестивалінда, «Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» облыс әкімінің, Тараз қаласында кәсіпкерлер арасында өткен «Қазақстанның ең үздік тауары - 2010» және «Қазақстанның ең үздік тауары - 2012» байқауларында, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2013» республикалық  конкурсына және т.б. қатысқаны үшін дипломдарымен марапатталған. Сонымен бірге, 2012 жылы Разақованың орталығы «ЮНЕСКО-ның Клубы» атағын беру туралы сертификатына ие болды.

5. «Амазонка» қатерлі ісік науқастарын қолдау қоры» қоғамдық қоры «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы лауреаты атағына иеленді.

Қордың жетекшісі – Анжелика Грантовна Сарьян. Қор «Жылжымалы хоспис» әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Жоба емделушілерге кеңес беру және емдеу, паллиативті күтім көрсетуге бағытталған. Ол өз ұйымының жұмысын ауру адамдардың ауруларын жоюға, бәсеңдетуге, емделушінің психологиялық, рухани мәселелерін шешуге және еріктілер (волонтер) тобымен бірлесе отырып, паллиативті көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Қор күніне мультидиспансерлік топпен 10-15 үйге шақырту қабылдайды. Емделушілерді дәрігердің қабылдауына, тексерілуге және емдеу шараларына жеткізеді. Бүгінгі күнге облыстық онкологиялық диспансерде 5 мыңға жуық адам есепте тұр. Бұл аурудың емделмейтін кезеңінде паллиативтік көмек адам өмірін ұзартуға мүмкіндік туғызатындығы әлемдік тәжірибемен дәлелденген. Автокөліктің арқасында ауруларға көмек көрсету біршама тиімді. Жобаның арқасында қор қызметкерлердің штат бірлігі 23 адамға көбейді. Жастардың арасынан волонтерлар келіп қосылды. Емделушілердің үйлеріне дәрігер, медбике, әлеуметтік қызметкер, психолог және қажеттігіне қарай рухани демеушілер барып тұрады. Медициналық және психоәлеуметтік көмектен басқа да материалдық жәрдем де көрсетіледі. Осы жылы қордың өз есебінен мүгедектік қоларбалар, ойылып кетуге қарсы матрацтар алынып, кейбір жанұяларға өтеусіз тегін берілді. «Розовая лента» акциясының аясында жыл сайын арнайы жәшіктер көмегімен қайырымдылық үшін онкологиялық аурулардың қажеттіліктеріне ақшалай қаржы жинау ұйымдастырылады. Барлық жиналған қаражат дәрі-дәрмектерге, азық-түлікке, аурулардың жаялықтарын сатып алуға жұмсалады.

2018 жылдың 6 желтоқсанында Астана қаласында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын республикалық деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімі өтті. Республикалық деңгейде 50 лауреат мараптталды, оның ішінде Жамбыл облысынан 5 облыстық лауреаттарының 4-уі республикалық лауреат атанды (Сайрамбай Дөненбаев «Шәушен» ШҚ, Жанболат Бекмұсаев «Эмвей» компаниясы, Ерболат Саурықов ТИГУ ректоры, Айгүл Разақова «Айналайын» қоғамдық бірлестігі). 

   

Көп оқылғандар

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
Күнтізбе