Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

ТАРАЗДА АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Басты бет / Жаңалықтар / ТАРАЗДА АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ТАРАЗДА АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Есіңе мені алғайсың...» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Поэзия кешіне ақынның ұлы  Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні Бақытгүл Айдарова арнайы шақырылып, құрметті қонақ болды.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында  Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет сарайында өткен еске алу кешіне Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан қатысты. Сондай-ақ ақынның рухына арналған шараға Алматы мен Шымкент қаласы және Қызылорда  мен Түркістан облыстарының ақындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 
Кешті белгілі ақын, "Shalqar" радиосының директоры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин жүргізді.

Әдеби сазды кеште облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз алып, ақын туралы өзінің жүрек жарды лебізін жеткізді. Сондай-ақ ол ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлына шапан жапса, келіні  Бақытгүл Айдарова камзол кигізді. Ал Жұлдыз Мұқағалиұлы облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли, белгіні ақын Қалқаман Сарин мен жас ақын Нұржан Қыдырәліні Мұқағали Мақатаевтың атындағы төсбелгісімен марапаттады.

Бұдан бөлек ақынның туған күні құрметіне оңтүстік аймақтық ақындардың арасында «Ақынға парыз көп ойлау, Артық та емес доп ойнау» атты кіші футболдан жолдастық кездесу өтті. Доп додасына Алматы, Шымкент қаласы және Түркістан, Қызылорда, Жамбыл (3 команда) облыстарынан 7 команда қатысты. 

Жолдастық кездесуде 3 орынды Ербол Қамбатыров бастаған әулиеаталық айтыскер ақындар иемденсе, екінші орын  Мұхтар Ниязовтың Ақмешіт командасына бұйырды. Ал бас жүлдені айтыскер ақын Тұрар Тілеулиевтың Түркістан облысы жеңіп алды.

 

 

Көп оқылғандар

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
Күнтізбе