Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Басты бет / Жаңалықтар / Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында мемлекеттік рәміздердің аймақтағы білім мекемелерінде пайдаланылу және қолданылу барысы қаралды.

Аталған мәселе бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Д.Бейсенқұлов баяндама жасап, зерделеу қорытындысымен таныстырды. 

Облыстық комиссияның бекітілген жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 21 қазаны мен 4 қарашасы аралығында білім саласындағы 219 және басқа да мекемелерге мониторинг жүргізілген болатын. Зерделеу барысында бірқатар аудандарда Мемлекеттік Тудың орналастырылмағандығы, Рәміздердің жыртылған, кірленген, тозған қалпында қолданылуы, жарықтандырылмауы, мемлекеттік органдардың ресми сайттарында Елтаңбадағы  «Қазақстан» сөзінің латын графикасына ауыстырылмауы сияқты деректер анықталды. Аталған кемшіліктер зерделеу аяқталғанға дейін түзетіліп, қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік Туды орналастырмаған мекеме  басшыларына ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық» туралы Кодексінің 458-бабы 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрстекіш көлемінде айыппұл салынды. Бүгінгі таңда салынған айыппұлдар толықтай төленді.

Жиын соңында комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітуге ұсынылды.

Көп оқылғандар

 

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
 
Күнтізбе