Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелерінің Жамбыл облысына сапары болып өтті

Басты бет / Жаңалықтар / ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелерінің Жамбыл облысына сапары болып өтті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелерінің Жамбыл облысына сапары болып өтті

2020 жылдың 23-24 қаңтар күндері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болды.

Іссапары аясында Мәжіліс депутаттары мен комитет мүшелері Тараз қаласы, Байзақ және Жамбыл аудандарында бірнеше шағын және орта бизнес нысандарын аралап, жастар ресурстық орталықтарының жұмысымен және жас кәсіпкерлердің жетістіктерімен танысты.

Тараз қаласының «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі «Руханият және Тарихтану» орталығында Әлеуметтік және мәдени даму комитеті «Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету» атты тақырыпта көшпелі отырыс өткізді.

Отырыс барысында жастарды, оның ішінде NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзекті мәселелері мен жастарды жұмысқа орналастыру проблемалары талқыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев жастарды жұмыспен қамту шаралары мен 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасап, жастардың əлеуметтік қолдау жөніндегі бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Еліміздің барлық өңірлерінде жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, өзінің бизнес-идеяларын іске асыруға, қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтуге, тегін техникалық және кәсіптік білім алуға бағытталған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы нәтижелі іске асырылып жатыр.

Жалпы алғанда 24 600 адамға өзінің жеке ісін ашуға (оның ішінде 3,3мың - шағын несие, 21,3 - грант) мүмкіндік берілсе, оның ішінде Жамбыл облысында – 3 200 адам қамтылады (оның ішінде 0,5 мың – шағын несие, 2,7 мың грант).

Республика бойынша 18 200 адам қысқа мерзімді курстардан өтіп, олардың 12 500 мыңы жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, республика бойынша кәсіби даярлауға 23 100 мың адам жіберілді.

Жиын соңында Мәжіліс депутаты, аталған комитеттің төрайымы Г.Әбдіқалықова мемлекеттік органдардың назарын жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жөніндегі жұмыстарды одан әрі күшейтуді тапсырды.

Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, Жамбыл облысы әкімдігінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылары да қатысты.

Сондай-ақ, халық қалаулылары TED-X форматындағы Жамбыл облысының жастар форумына қатысып «Жастар жылының» қорытындысы мен «Волонтер» жылының жоспарларымен бөлісті.

Көп оқылғандар

 

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
 
Күнтізбе