Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

«Бейбітшілік пен келісім» ақпараттық тобы аудандарға аттанды

Басты бет / Жаңалықтар / «Бейбітшілік пен келісім» ақпараттық тобы аудандарға аттанды

«Бейбітшілік пен келісім» ақпараттық тобы аудандарға аттанды

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі жыл басында «Бейбітшілік пен келісім» жобасын әзірлеген болатын. Жобаның негізгі мақсаты – ұлтаралық қатынастарды нығайту, әлеуметтік тұрмыстық мәселелерді шешу, ауылда бизнесті дамыту, діни түйткілдерді зерделеу. Бұған дейін ақпараттық топ 12-16 наурыз аралығында Қордай ауданында арнайы жұмыстар жүргізген болса, 7 қыркүйек күні түсіндіру тобы Шу, Меркі, Жамбыл, Байзақ және Қордай аудандарына аттанып кетті.

 

Шу ауданына ақпараттық-түсіндіру тобын облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов бастап барды.

Ең әуелі аудан активімен жиын өткізген ақпараттық топ мүшелері жобаның маңыздылығы мен мақсатына тоқталды.

Бұдан кейін аудан орталығынан шалғайда орналасқан Қорағаты ауылдық округіндегі Мойынқұм орта мектебінде тұрғындармен кездесу өтті. Басқосу барысында облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Медет Атен ауылдықтарға «QazOnline» мобильдік қосымшасын таныстырды. Айта кету керек қазақ тілін үйренуге арналған мобильдік қосымша облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша әзірленіпті. 16 сабақтан тұратын қосымша жаңа сөздер, грамматика, сөздердің жазылу, айтылу заңдылықтары және өзін-өзі тексеру бөлімдері мен оларды бекітуге арналған. Қосымшаны кез келген ауыл тұрғыны «PlayMarket» және «AppStore» қосымшалары арқылы ұялы телефонына жүктеп ала алады. Өз кезегінде ауыл тұрғындары да аталған қосымшаға қызығушылық танытып, оның мемлекеттік тілді дамыту ісінде таптырмас құралға айналатындығын жеткізді.

Сонымен қатар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа аудан жастарымен кездесіп, ауылдық жердегі жастардың мәселелеріне құлақ түрді. Жастар өз кезегінде ауылдағы мектептің тозығы жеткендігін және ұялы байланыстың тым нашарлығы мәселесін көтерді. Топ мүшелері аталған мәселелер назардан тыс қалмай, жұмыс жоспарына енгізетіндерін жеткізді.

Дәл осы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Маржан Қожаева, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Рано Убайдуллаева аудандағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен жүздесті. Басқосуда ауылдық жердегі ұлтаралық татулық мәселесі сөз болып, этномәдени бірлестіктердің жұмысы сараланып, оларды алаңдатқан мәселелер жан-жақты талқыланды.

Қордай ауданында «Әлеуметтіктұрмыстық мәселелерді шешу» тобының мүшелері бірнеше елді мекендерді аралап, халықпен жүздесті.

Бұл топтың басты мақсаты – азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін анықтап, түйінін тарқату болып табылады. Аудан әкімдігінде өткен жиында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков көпшілікті топтың құрамымен және жұмыс жоспарымен таныстырып, сапардың мақсатын тілге тиек етті.

Жиыннан кейін аталған топ мүшелері Әлжан ана мен Степной ауылдарында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл кездесулерде топ жетекшісі Президент Жолдауынан туған міндеттерді таныстырып, жақында ауданда «Кризистік орталық» ашылатынын атап өтті. Бұл орталықта тұрғындардың тұрмыстық мәселелерін шешуге арнайы мамандар көмек көрсететін болады.

Қоғамдық қабылдау барысында жергілікті тұрғындар да топ мүшелеріне көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын ала алды.

Ақпараттық топ Жамбыл ауданында ауылдағы бизнесті дамыту бағытында жұмыстар жүргізді. Олардың бағыты Аса ауылындағы М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде ауылдық округ әкімдерінің, бөлім басшыларының қатысуымен өткен жиыннан бастау алып, Ащыбұлақ ауылында жалғасты. Ауылдық клубта өткен кездесуге шаруалар мен кәсіпкерлер де қатысты.

– Ауыл шаруашылығы – асыраушы сала. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласына айрықша көңіл бөлінуде. Ауылдық жерлерде кәсіппен айналысу, кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Талапты орындау – бәрімізге ортақ іс. Бұл бағытта облысымызда бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. «Бейбітшілік пен келісім» жобасының бір бағыты кәсіпкерлер мен шаруаларға арналған. Біз осы мақсатта бүгін сіздерге келіп отырмыз, – деген облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Еркін Атымтай шаруалардың кәсіп ашу, оны кеңейту үшін несие алу бойынша қойған сұрақтарына нақты жауап берді.

Кездесуден кейін жұмысшы топ аудан аумағындағы өндіріс орындарын аралап, нысандардың  тыныс-тіршілігімен танысты.

Міне осылайша аудандарға ат басын бұрған ақпараттық топ мүшелері алғашқы жұмыстарын бастап кетті. Бес бағытқа бөлінген жұмысшы тобы 7-23 қыркүйек аралығында бес ауданды кезеңкезеңімен араламақ. Жарқын жобаның қорытындысы содан кейін шығарылады. Десе де «Бейбітшілік пен келісім» жобасы қазірдің өзінде ұлттар мен ұлыстардың ұйытқысына айналып отырғаны даусыз.

Облыстық "Арай" газеті

Көп оқылғандар

 

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ


Күнтізбе