Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Рухани жаңғыру – жасампаздық бастауы

Басты бет / Жаңалықтар / Рухани жаңғыру – жасампаздық бастауы

Рухани жаңғыру – жасампаздық бастауы

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі міндет- өскелең ұрпақтың бойына ұлттық сананы қалыптастыру.

Ұлттық рухы мықты халық қана, келешекте өз елінің өркендеп өсуіне зор үлес қоспақ.  Тараз Инновациялық гуманитарлық университтінде  өткен дөңгелек үстелде аға буын өкілдері жастарға осындай ортақ пікір айтты.

Болашаққа бағдарды айқындаған Ұлт көшбасшысы рухани жаңғырудың жаңа моделін қалыптастыру керектігін атап өтті.  Яғни, жастар дамыған технологияларды  игере отырып, ұлттық кодты сақтауы тиіс.

 ТИГУ ректоры -Ерболат САУРЫҚОВ 

Дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіретін болсақ, біз тек қана экономикамен өзіміздің өркениетімізбен емес, бүкіл салт-дәстүрімізбен кіруіміз керек.Сол кезде ғана біз мәңгілік ел боламыз.Сол кезде ғана ұлттық құндылықтар ешқашан жоғалмайды\

ХХІ ғасыр – жаһандану кезеңі. Осынау аумалы-төкпелі уақытта Қазақ елі замана көшінен қалмауы тиіс.Қаптаған түрлі діни ағымдардың арбауына алданбай, дұрыс жол таңдағанымыз абзал. Ол үшін ұлттық рухы мықты,көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиеленуі керек.

«Дін проблемаларын зерттеу» орталығы басшысының орынбасары

 Ерзат Жақыпов  

Жастарымыздың дініи сауатсыздығынан , ілімсіздігінен жат діни ағымдарға кетіп, өзге ұлттардың құндылықтарын құндылық ретінде қарастыруда. Сондықтан осыны алдын-алу үшін, біз рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ата-бабаларымыздың діни санасын қалыптастырып, осы бабалар жолын насихаттап жатырмыз\

Еліміз қазір дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемдік аренада өзін танытты.Ендігі мақсат- әрбір Қазақстандық азамат озық білім мен ілімді  игеріп, ұлттық болмысымызды сақтай отырып дамыған 30 елдің қатарына ену.

Г.Сейдуллақызы

http://taraztv.kz/kz/news/society/ruhani-zhangyru-zhasampazdyk-bastauy

Көп оқылғандар

 

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
 
Күнтізбе