Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

2017 жылдың 2-ші тоқсанында өңірдегі қоғамдық саяси ахуалды зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг нәтижелеріне Талдау

Басты бет / Қоғамдық саяси ахуал / 2017 жылдың 2-ші тоқсанында өңірдегі қоғамдық саяси ахуалды зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг нәтижелеріне Талдау

2017 жылдың 2-ші тоқсанында өңірдегі қоғамдық саяси ахуалды зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг нәтижелеріне Талдау

Облыста 2017 жылдың екінші тоқсанында ішкі саясат басқармасымен қоғамдық-саяси ахуалды  зерттеудің тоқсан сайынғы әлеуметтік мониторингі жүргізілді. Барлығы 700 адамдарға сұрақтар қойылды. Зерттеу облыстың 18 жастан жоғары жасөспірімдерініріктеу арқылы, сауалнама сұрау әдісімен жүргізілді.

Сауалнамаға барлық әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-кәсіби топтардың өкілдері қатысты. Әлеуметтік зерттеу облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласында жүргізілді.

І. Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалдар мен халықтың әлеуметтік көңіл күйін бағалау

Қоғамдық пікірді зерттеу мәліметтері бойынша 91,45% респонденттер облыстағы қоғамдық-саяси ахуалды бақуатты және тыныш деп бағалайды.

Қоғамдық-саяси ахуалды «шиеліністі» деп бағалайтындар 5,18% құрады. Оларға көбіне Мойынқұм (16,0%) және Т.Рыскулова (12,0%) аудандарының тұрғындары пікірлес.

Облыстың экономикалық жағдайын оң бағалауы да тіркелді.

Осылайша, 73,9% облыстың қазіргі экономикалық жағдайын тұрақтылық қарқынымен серпінді дамуда деп бағалауда. Ал сұралғандардың әрбір бесіншісі  облыстың экономикалық жағдайын баяу өсуде деп көрсетті (20,45%).

3,45% респонденттер облыстағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды дағдарысты депғ оларға қарсы пікір білдірген. Бұл көзқарас Жамбыл ауданы тұрғындарына тән, олар жалпы облыс бойынша   (16,0%)   және соның ішінде өздері тұратын ауылдың  (20,0%) экономикалық даму жағдайын дағдарысты деп сипаттаған.

Әлеуметтік зерттеу барысында облыс тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күй қарқыны өз материалдық жағдайына баға беру, өміріне қанағаттану, сондай-ақ әл-ауқаты мен оптимистік деңгейі секілді индикаторлар бойынша бағаланды.

Қорытындыға сәйкес, бүгінгі таңда респонденттердің басым көпшілігі өздерінің тұрмыстық жағдайларына көнілдері толатынын білдірген. Тек сұралғандардың 6,09% қазіргі уақыттағы өмірлеріне қанағаттанбайтындықтарын негативті көзқараста білдірді. Аймақтар бойынша Жамбыл ауданы (16,0%) пессимистік тұрғыда басым болып тұр.

Сонымен қатар, жамбылдықтардың әлеуметтік тұрғыда болашаққа деген сенімдерінің жоғары деңгейде екендігі анықталды. Яғни, облыс тұрғындарының көпшілігі (79,0%) өмірлерінің алдағы уақытта жақсаратына сенімді, сонымен бірге, әр оныншы адам (9,73%) өмірлерінде айтарлықтай өзгерістерді күтпейді. Ал пессимистік көзқарасты танытып, тұрмыс деңгейі төмендейді деген респонденттердің үлесі (2,73%) құрады.

Респонденттердің өзіндік материалдық көрсеткіштерін, нашар деп бағалаған (2,82%) экономикалық әлсіз топқа қарағанда, материалдық әл-ауқаты бойынша орта және жоғары деңгейде деп көрсеткен халық тобының (95,45%) айрықша басымдығын көрсетіп отыр.

Азқамтылғандардың көбісі Жамбыл ауданы (8,0%) мен Тараз (7,0%) қаласы тұрғындары арасынан тіркелген.

Осылайша, зерттеу көрсеткіштері облыс тұрғындарының басым көпшілігінің аумақтағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақты қолайлы қабылдайтынын, сондай-ақ позитивті әлеуметтік коңіл күй басымдығын анықтады.

II. Тұрғындардың өзекті мәселелері.

Зерттеу барысында жергілікті тұрғындарды алаңдататын өткір мәселелер де анықталды.

Яғни, жамбылдықтардың өмірлерінде қолайсыздық тудырып отырған қоғамдық-саяси проблемалардың ішінде: тұрғын үй (19,67%), сыбайлас жемқорлық (15,09%), экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері (13,03%) мәселелері басым екенін көрсетті. Сондай-ақ аумақ тұрғындарын балалардың болашағына алаңдау (11,06%) мен қылмыстың өсуі, өздерінің жеке қауіпсіздігі (10,52%) мазалайтындығы анықталды. Сұралғандардың әрбір оныншысын адам құқығының бұзылуы (9,08%) мен жерді пайдалану (8,61%) мәселелері алаңдатады.

Аймақ бойынша қылмыс санының артуы, жеке бас қауіпсіздігі (17,33%) сияқты мәселелер көбіне Байзақ ауданы тұрғындарын, экстремизм мен терроризмның орын алуынан (26,67%) Жуалы ауданының тұрығындарын, сыбайлас жемқорлық, билік органдарында қызмет бабын асыра пайдалану (20,0%) және жерді пайдалану сұрақтары (17,33%)– Талас ауданы тұрғындарын мазалайды .

Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша әлемдік экономиканың тұрақсыздығы шеңберінде, облыс тұрғындарын мазалайтын жоғары санаттағы проблемалар үштігін жұмыссыз қалу қауіпі (15,24%), азық-түлік тауарлары бағаларының өсуі (22,24%), еңбекақының төмендігі (12,91%) құрап отыр.

Жалпы, өзекті мәселелерді зерттеу нәтижелерінде үлкен өзгеріс байқалмауда.

III. Аймақтағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар ахуалын анықтау.

Социологиялық зерттеу барысында респонденттерге облыстағы этносаралық және конфессияаралық қатынастардың қазіргі жағдайын бағалау ұсынылды.

Облыс тұрғындарының басым көпшілігі этносаралық (93,73%) және конфессияаралық (88,9%) жағдайды тыныш және бақуатты деп бағалауда.

                  7,64% респондент облыстағы этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас жағдайын шиеленісті және жанжалды деп жағымсыз түрде бағалады.

                  Аумақ бойынша көбіне Кордай  ауданы (8,0%) этносаралық қатынас ахуалын негативті бағалайды. Ал конфессияаралық қатынасты көбіне Т.Рысқұлов ауданы (16,0%) тұрғындары негативті көрсетеді.

еспонденттердің өмір сүріп жатқан аймақтарында түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы қарым-қатынастың тұрақты жағдайы қалыптасқан.

                  Қоғамдық пікір өлшемдері көрсетіп отқандай, орташа сұралғандардың 92,91% және 90,36% тұрып жатқан аймағында этносаралық және дінаралық қатынастар достық, тыныш және жанжалсыз деп бағалайды. 

                  Қарым-қатынаста «әрқашан достық қатынаста емес», жанжалды және шиеліністі деп  бағалайтындар 7,72%-дан аспайды. Респонденттердің өмір сүру аймақтары бойынша этносаралық (20,0%) және конфессияаралық (12,0%) қатынасты негативті қабылдау Т.Рысқұлов пен Жамбыл ауданы тұрғындарының жауаптарынан тіркелді.

                  Зерттеу барысында этносаралық және дінаралық негізде шиелініс жағдайлардың күтілуі де анықталды.

                  Осылайша, облыстың әрбір екінші тұрғыны (52,18%) ашық этносаралық және дінаралық жанжалдың орын алу мүмкіндігін жоққа шығарады.           Сұралғандардың 26,09% ашық этносаралық және дінаралық жанжалдың орын алу мүмкіндігі шамалы, бірақ сонда да мұндай жағдайдың орын алу мүмкіндігін жоққа шығармайтындарын білдіріп, ауытқымалы пікірді ұстанады.  

                  Облыста ашық этносаралық және дінаралық жанжалдың орын алу мүмкіндігін орташа 9,45% респондент мәлімдеді.

                  Сонымен қатар, зерттеу барысында этникалық немесе діни топ қарсы іс-әрекет жасалған жағдайда наразылыққа шығуға туындаса облыс тұрғындарының дайындық деңгейі анықталды. Яғни, бұл мәселе бойынша респонденттердің пікірі теңдей бөлінді: әр екінші (59,09%) мұндай шиеліністерге наразылығын білдіру үшін қатысатындығын білдірсе, 40,91%-ы мұндай акцияларға қатысуға түбегейлі түрде ынтасы жоқтығын білдірді.

                  Аймақ бойынша этносжанжалды жоғарғы көрсеткіш Мойынқұм (88,0%), Т.Рысқұлов (80,0%) және Шу (76,0%) аудандары тұрғындары арасында шоғырланған.

                  Сонымен қатар, облыстағы этносаралық және дінаралық ахуалдың тұрақтылығын этносаралық қоғамда мемлекеттің жүргізіліп жатқан этносаралық және дінаралық келісімді сақтаудағы саясаты әсер еткенін көрсетті. Яғни, сұралғандардың 89,36% және 88,82% этносаралық және дінаралық тұрғыда жүргізілетін саясатты қолдайды.

                  Жалпы, зерттеу нәтижелері жамбылдықтардың этносаралық және дінаралық төзімділігінің жоғары деңгейін көрсетеді.

IV. Елбасының 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын білу деңгейі, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын қолдау деңгейі

Жалпы әлеуметтік зерттеу мәліметтері облыс тұрғындарының еліміздегі бағдарламалық құжат мазмұнынан хабардар екендіктерін көрсетті (95,64%). Оның ішінде, мазмұнын жақсы білетіндер 62,73%, ал 32,91% - ы негізгі артықшылығы туралы түсінік қалыптастырған. Бағдарламалық құжаттың мазмұнын білмейтіндер тек 4,36%-ды құрады. Мемлекет Басшысы Жолдауы мазмұнын білмейтіндердің көбісі Қордай ауданы ( 16,0%) бойынша тіркелген.

Жалпы тұрғындардың басым көпшілігі Елбасы Жолдауының түбегейлілігі мен мағынасын оң бағалайды.

Яғни, еліміздің бағдарламалық құжатымен танысқан әрбір екінші респондент (40,4%) Жолдауды жүзеге асыру жаһандық сын-қатерлерге лайықты және тиімді жауап болмақ деп санаса, тағы сұралғандардың 3-тен бір бөлігі (32,18%) Жолдауды орындау-Қазақстанның үшінші жаңғыртылуын жүйелі түрде іске асыруға мүмкіндік береді деген сенімді ұстануда.

Тек 3,73% Президент жеткізген көптеген пікірлермен келіспейтіндіктерін білдірсе, 1,64% респондент мемлекет Басшысының Жолдауда көрсеткен міндеттері шынайы емес дейді.

Еліміздің ең басты бағдарламалық құжатын қабылдамай, мемлекет Президентінің айтқан идеяларының көбімен келіспеу көбіне Жамбыл (8,0%) мен Талас (12,0%) аудандары тұрығындары арасында байқалады.

Сарысу ауданы 8,0%  тұрғындарының пікірлерінше Жолдауда Елбасымен қойылған тапсырмалар шынайы емес.

Сонымен қатар, сұралғандардың көпшілігі  Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары оң нәтижеге қол жеткізіп жатқандығын сезінетіндіктерін жеткізеді (69,64%). Елбасының жыл сайынғы Жолдауының орындалуы барысында оң нәтижеге қол жеткізіп жатқандығын толық сезінбейтіндер сұралғандардың  24,18% құрады.

Жолдаудың орындалу барысын бүгінгі таңға дейін сезінген жоқпын деп сыни тұрғыдан жауап берген респонденттер саны 4,56% құраса, 1,64%  Елбасының Жолдауы туралы ештеңе білмеймін деп көрсетті. Жолдаудың бағдарламалық іске асыру барысымен қанағаттанбайтындар көбіне Т.Рысқұлов ауданы (16,0%) тұрғындары арасынан байқалады.

Жалпы, зерттеу нәтижелері «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын қоғамның оң қабылдап жатқандығын және оны іске асырудағы реформаларды қолдайтындықтарын көрсетті.

Осылайша, ауылшаруашылық жерлерді нарықтық айналымға енгізу бойынша (72,73%), жалпы кіріс және шығыс салық декларациясын енгізу бойынша (73,36%), білім беру жүйесінде-жоғары сыныптарға ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу бойынша (73,36%), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша (75,73%), азаматтық біртектілікті нығайтудың «Мәңгілік Ел» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша (81,73%), жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру бойынша (79,09%), қоғамдық кеңестер құру (77,0%), азаматтарды уақытша тіркеу тәртібі бойынша (67,09%) реформаларды облыс тұрғындарының басым көпшілігі толық мақұлдап қолдайды.

Жер заңнамасына енгізілетін түзетулер (17,18%) мен білім беру жүйесінде-жоғары сыныптарға ағылшын тілінде оқыту жүйесіне кезең-кезеңімен көшу (13,27%) реформалар ішіндеқолдауға ең аз ие болғандар қатарында екені анықталды.

Аймақ бойынша ұлт Жоспарын жүзеге асыруда ауылшаруашылық жерлерін нарықтық айналымға енгізуді Жуалы ауданы (44,0%),  Қордай ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша (28,0%), Жуалы ауданында азаматтарды уақытша тіркеу тәртібі (40,0%) бойынша реформаларды қолдамайтын ауыл тұрғындарының айтарлықтай бөлігі тіркелді.

V. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын білу деңгейі мен бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттарын қолдау деңгейі

Әлеуметтік талдау мәліметтері сұралған жамбылдықтардың 96,18% Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мазмұнынан қандай да болсын мәліметі бар екендіктерін көрсетеді. Бағдарламалық құжаттың мазмұнымен таныс еместер тек 3,82% құрады. Аймақтар бойынша Елбасының бағдарламалық құжатынан хабарсыздардың басым бөлігі Байзақ ауданы тұрғындары арасынан (12,0%) байқалды.

Жалпы облыс тұрғындарының басым көпшілігі (70,82%) мемлекет Басшысы ұсынған қоғамның рухани жаңғыру бағытын біржақты мақұлдап қолдайды.

 Қоғамды рухани жаңғырту бағдарламасын қолдамайтындықтары және қабылдамайтындықдары 15,36% респонденттердің жауаптарынан тіркелді.

Аймақтар бойынша қоғамның рухани жаңғыруы бағытын үзілді-кесілді қолдамайтындықтарын мәлімдеген сыни көзқарастың басым индексі Байзақ (32,0%)  және Т.Рысқұлов (24,0%) аудандары тұрғындарынан тіркеді.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағыты бойынша негізгі жобаны растау және қолдау бойынша, жалпы оң және жағымды көзқарас қалыптасты.

Сонымен қатар, өзінің «шағын отанын» қолдау бойынша «Туған жер» (78,09%), Жалпы ұлттық «киелі орындарды» сақтау бойынша, елде туризмнің инфрақұрылымдарын дамыту бойынша «Қазақстанның қасиетті географиясы» (78,82%), «Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» (78,64%), Әлемдік ғылым мен технологияның, гуманитарлы білімнің соңғы жетістіктерін сипаттайтын мемлекеттік тілде 100 жаңа оқулық шығару (71,36%), «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы (69,27%) жобалары бойынша қолдаулардың жоғары деңгейі анықталды.

Сондай-ақ, қолдау мен мақұлдаудың төмен көрсеткіші қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру жобасы бойынша тіркелді. Тек әрбір екінші респондент (51,0%) Елбасының бұл бастамасын толығымен қолдайды, ал әр үшіншісі (34,55%) қолдамайтындықтарын білдірген. Сонымен қатар, 14,45 % жауап беруге қиналғандықтарын білдіргендер мен тұрғындардың бұл сұрақ бойынша тұрақталмаған бөлігін құрайды. 

VІ. Наразылық акцияларына қатысу және олардың пайда болуын болжамдау

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, сұралғандардың 67,0% жаппай наразылық акцияларын күтпейді, ал әрбір төртінші (23,82%) орын алу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Аймақ бойынша наразылық акцияларының орын алу мүмкіндігін Мойынқұм ауданының әрбір екінші тұрғындары жоққа шығармайды (44,0%).

Наразылық акцияларына шығу мүмкіндігі ретінде көбіне экономикалық мәселелер көрсетілген: жұмыстан босатылу, қысқару (25,27%), ең қажетті тауар бағаларының қымбаттауы (12,27%), еңбекақының төленбеуі (9,91%).

Сондай-ақ наразылық акцияларына алып келуі мүмкін себептердің қатарында: сыбайлас жемқорлық (6,73%) пен жер реформасы (6,36%) айтылған.

Аймақ бойынша наразылық акцияларына көбіне алып келуі мүмкін факторлар ретінде көрсетілген: Шу ауданы (24,0%) мен Тараз қаласында (25,0%) еңбекақының төленбеуі,  Байзақ (32,0%), Жамбыл (36,0%) және Мойынқұм(36,0%) аудандарында жұмыстан босатылу, қысқару, Байзақ (12,0%), Жуалы (16,0%) және Шу (12,0%) аудандарында жер реформасы.

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес облыс тұрғындарының наразылық әлеуеті барынша жоғары дәрежеде еместігі анықталды. Яғни, «Сіздің өмір сүру деңгейіңіз күрт нашарласа, Сіз не істер едіңіз?» деген сұраққа сұралғандардың жартысынан көбі (62,91%) шыдайтындықтарын мәлімдеген.

Мәселені түбегейлі шешу әдісіне, яғни ереуіл мен митингтерге қатысуға сұралғандардың тек қана 7,18% дайын, ал сұралғандардың бір пайыздан азы (0,64%) аштық жариялауға бейім.

Аймақ бойынша митингтер мен ереуілдерге қатысуға бейім респонденттердің басым бөлігі Қордай (20,0%) ауданы мен Тараз қаласы (17,0%) тұрғындарының арасынан тіркелді.

Сонымен қатар, әрбір екінші респондент (52,45%) наразылық акцияларын қоғамдық пікірдің ықпалды механизмі деп санайды. Оларға мәселелерді шешудің одан да бейбіт және тиімді тәсілдері бар деп, орташа есеппен әрбір төртінші респондент (24,73%) қарсы пікір білдіреді.

 

VІІ. Мемлекеттік басқару институттарының, саяси партиялардың рейтингі

 

Зерттеу фокусында аумақтағы тұрақтылықты сигналдаушы негізгі фактордың бірі ретінде, қоғамдық және саяси институттарға халықтың сенімі бойынша сұрақтар болды.

Жалпы, зерттеу мәліметтері көрсеткендей, жамбылдықтардың орталық және жергілікті билік органдарына көзқарасы оң.

Мемлекет пен облыстың бірінші тұлғаларына: ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті мен барлық деңгейдегі әкімдерге деген сенімі тұрақты жоғарғы дәрежеде.

Облыс тұрғындарының басым көпшілігі бірауыздан Қазақстан халқының әл-ауқатын одан әрі жетілдіруге бағытталған мемлекет Президентінің бағытын мақұлдайды және қолдайды. Елбасы сенім рейтингі орташа 90,64% құрады.

Сенім көрсеткіштерінің сәйкесінше жоғары көрсеткіштері ҚР Үкіметі (83,27%) мен ҚР Парламентінде (80,09%) қалыптасты.

Сол қалпы жоғары (80,09%) болып облыс әкімінің сенім рейтингі сақталуда.

Ауылдық округ (78,27%), аудан (78,09%), мен Тараз қаласы (69,64%),   әкімдерінің сенім рейтиигтері біршама төмендеу көрсеткіштерге ие.

Саяси партиялар арасында бұрынғыша «НұрОтан» партиясы көш бастап тұр, оны орташа есеппен 77,55% жамбылдықтар қолдайды.

Рейтинг тізімінің екінші қатарында «Ақ жол» ҚДП-сы орналасқан 8,91%.

Үшінші орында – Қазақстан ұлттық коммунистік партиясы (4,73%).

Қалған партиялардың электронды рейтингі «Ауыл» партиясы 3,73%-ға дейін, ЖСДП партиясы 0,73% көлемінде ауытқып, айтарлықтай көрсеткішке ие болған жоқ.  

Негізгі қорытындылар:

     1. Облыс тұрғындарының біршама бөлігі қоғамдық-саяси,      әлеуметтік-экономикалық, этносаралық және дінаралық ахуалды оң қабылдап, бағалайды.

     2. Облыс тұрғындарының басым көпшілігі еліміздегі бағдарламалық құжат мазмұны туралы жоғары деңгейде ақпараттанған: мемлекет Басшысының 2017 жылғы 17 қаңтардағы қоғамдық сананы жаңғырту туралы Жолдауы. Сонымен қатар, сұралғандардың көбісі Президент Жолдауында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асырудағы талпынысты сәтті деп санайды.

       3. Облыс тұрғындарының үлкен бөлігі Елбасы ұсынған қоғамның рухани жаңғыру бағытын бірауыздан мақұлдап, құптайды.

       4. Жамбылдықтардың көпшілігі этносаралық және дінаралық қарым-қатынасты жанжалсыз және достық қатынаста деп, айтарлықтай жағымсыз мәселе жоқтығын айтады.

       5. Жамбылдықтардың басым көпшілігі материалдық әл-ауқатын орташа және жоғары деп көрсетті.

       6. Респонденттердің үлкен бөлігі тұрмыстық жағдайларының жақсаратынына және жеке басының болашағына оптимистік тұрғыда сеніммен қарайды.

       7. Жамбылдықтардың өмірлерінде қолайсыздық тудырып, мазалайтын қоғамдық-саяси мәселелер: Сыбайлас жемқорлық, экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері, балалардың болашағына алаңдаушылық, қылмыстың өсуі, жеке бас қауіпсіздігі, сондай-ақ, жұмыссыз қалу қауіпі, азық-түлік бағаларының өсуі  мен еңбек ақысының төмендігі.

       8. Сұралғандардың басым көпшілігі аумақта жаппай наразылық акцияларының орын алу мүмкіндігін жоққа шығарады.

       9. Зерттеу қорытындысы орталық және жергілікті билік органдарына деген тұрақты жоғары сенім рейтингін көрсетуде. Саяси бағытта аумақ тұрғындары үшін сөзсіз көшбасшы болып «Нұр Отан» партиясы саналуда.

     10. Жалпы зерттеу қорытындысы облыста ахуалында жағымды жағдайдың басымдығын байқатты.

      Жалпы зерттеу қорытындылары облыста қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылылығы мен оның одан әрі сақталуына аумақ тұрғындарының сеніммен қарайтындығын, сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформаларды халықтың толық қолдайтындығын көрсетті.

 

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
 
Күнтізбе