Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

2017 жылдың 3-ші тоқсанында өңірдегі қоғамдық саяси ахуалды зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг нәтижелеріне Талдау

Басты бет / Қоғамдық саяси ахуал / 2017 жылдың 3-ші тоқсанында өңірдегі қоғамдық саяси ахуалды зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг нәтижелеріне Талдау

2017 жылдың 3-ші тоқсанында өңірдегі қоғамдық саяси ахуалды зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг нәтижелеріне Талдау

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 2017 жылдың үшінші тоқсанында облыста қоғамдық-саяси ахуалды  зерттеудің  тоқсан сайынғы әлеуметтік мониторингі жүргізілді. Зерттеуге  барлығы 18 жастан жоғары 700 респондент қатысты. Сұрау әдісі – сауалнама.  

Сауалнамаға барлық әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-кәсіби топтардың өкілдері қатысты. Әлеуметтік зерттеу облыстың Тараз қаласы мен 10 ауданында жүргізілді.

І. Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалдар мен халықтың әлеуметтік көңіл күйін бағалау

Қоғамдық пікірді зерттеу мәліметтері бойынша респонденттердің 93,45% облыстағы қоғамдық-саяси ахуалды бақуатты және тыныш деп бағалайды. 2-ші тоқсанның деректерімен салыстырғанда өңірдегі оң әлеуметтік-саяси жағдай 2%-ға өсті (2 тоқс.-91,45%).

Респонденттердің басым көпшілігі өңірдегі ағымдағы экономикалық жағдайдың тұрақты өсуін атап өтті (70,73%) . 2-ші тоқсандағы өлшемдермен салыстырғанда олардың үлесі 3,17%-ды құрап, аз ғана төмендеген (2 тоқс.-73,9%, 3 тоқс.-70,73%).

Өткен тоқсанмен салыстырғанда респонденттердің шамамен 3,41% экономикалық жағдай баяу өсуде деп көрсетті (2 тоқс.-73,9%, 3 тоқс.-70,73%).

Әлеуметтік зерттеу барысында облыс тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күй қарқыны өз материалдық жағдайына баға беру, өміріне қанағаттану, сондай-ақ әл-ауқаты мен оптимистік деңгейі секілді индикаторлар бойынша бағаланды.

Қорытындыға сәйкес, бүгінгі таңда респонденттердің басым көпшілігі өздерінің тұрмыстық жағдайларына көңілдері толатынын білдірген (90,0%). Алдыңғы тоқсандағы деректермен салыстырғанда тұрғындардың өміріне қанағаттануы 0,91%-ға азайған (2 тоқс.-90,91%, 3 тоқс.-90,0%). Қазіргі таңда өміріне қанағаттанбайтын респонденттердің саны 0,91%-ға өскен (2 тоқс.-6.09%, 3 тоқс.-7,0%).

Өткен тоқсанның нәтижелерімен салыстырғанда өңір тұрғындарының арасында әлеуметтік оптимизм деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер өзгерді.

Мәселен, облыс тұрғындарының өмірлерінің жақсы жаққа өзгеретініне сенімді адамдардың қатары 1,27%-ға төмендеген (2 тоқс.-79,0%, 3 тоқс.-77,23%).

Тұрғындардың арасында өз өмірінде елеулі өзгерістер болатынына сенбейтіндер  саны көбейіп, 3,27%-ды құрады.

Пессимистік көзқарастағы тұрғындардың үлесі айтарлықтай емес болса да олардың өмірі әлдеқайда нашарлайды деп санайтындар 0,41%-ға азайған (2 тоқс.-2,73%, 3 тоқс.-2,32%).

Респонденттердің 2-ші тоқсандағы өлшемдерімен салыстырғанда өздерінің материалдық әл-ауқатына деген бағалары өзгергенін көрсетеді. Халықтың экономикалық тұрғыдан нашар топтардың үлесіне қарағанда (2,64%) материалдық әл-ауқатының жақсы және орташа деңгейіне ие тобы бұрынғысынша басым болып тұр (95,41%). Респонденттердің қаржылық жағдайын нашар деп көрсеткендердің үлесі бірте-бірте азайып 0,18%-ды құрады (2 тоқс.-2,82%, 3 тоқс.-2,64%).

Осылайша, 3 тоқсандық  зерттеу көрсеткіштері облыс тұрғындарының басым көпшілігінің аумақтағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақты қолайлы қабылдайтынын, сондай-ақ позитивті әлеуметтік көңіл-күй басымдығын анықтады.

II. Тұрғындардың өзекті мәселелері

Зерттеу барысында жергілікті тұрғындарды алаңдататын өткір мәселелер  анықталды.

Яғни, 3-ші тоқсанда жамбылдықтардың өмірлерінде қолайсыздық тудырып отырған 3 қоғамдық-саяси проблемалар бар, олар: тұрғын үй (2 тоқс.-19,67%, 3 тоқс.-18,24%), сыбайлас жемқорлық (2 тоқс.-15,09%, 3 тоқс.-13,18%), балалардың болашағына алаңдау (2 тоқс.-11,06%, 3 тоқс.-13,39%).

Сондай-ақ, өңір тұрғындарын экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері (2 тоқс.-13,03%, 3 тоқс.-11,41%) мен қылмыстың өсуі, өздерінің жеке қауіпсіздігі (2 тоқс.-10,52%, 3 тоқс.-11,18%), адам құқығының бұзылуы (2 тоқс.-9,06%, 3 тоқс.-10,44%) алаңдатады.

 Өткен тоқсанмен салыстырғанда респонденттердің (2 тоқс.-8,61%, 3 тоқс.-10,03%)   жерді пайдалану  түйткілді мәселелерін атап көрсеткен, оның үлесі 1,39%-ға өскендігі байқалады.

Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша облыс тұрғындарын мазалайтын жоғары санаттағы проблемалар:  жұмыссыз қалу қаупі (2 тоқс.-15,24%, 3 тоқс.-14,84%), азық-түлік тауарлары бағаларының өсуі (2 тоқс.-22,24%, 3 тоқс.-22,91%), еңбекақының төмендігі (2 тоқс.-12,91%, 3 тоқс.-12,76%) құрап отыр.

Өткір проблемалардың қатарына респонденттер «коммуналдық қызметтерге бағаның өсуі», «төмен медициналық көмек», «ақшаның жетпеуін» көрсетті.

Облыстың тұрғындарының аз айтқан проблемаларына «өмір сүру деңгейінің төмендігі», «жолдардың сапасыздығы», «жұмыс орындарының қысқаруы», «валюта бағамының тұрақсыздығы» және т.б. атады.

Жалпы өзекті мәселелерді зерттеу нәтижелерінде үлкен өзгеріс байқалмауда.

III. Аймақтағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар ахуалын анықтау.

Әлеуметтік зерттеу барысында респонденттерге облыстағы этносаралық және конфессияаралық қатынастардың қазіргі жағдайды бағалауда елеулі өзгерістер анықталған жоқ.

Жалпы алғанда, ағымдағы жылдың 2-ші тоқсандағы өлшемдермен салыстырғанда респонденттердің жағдай шиеленісті және жанжалды деп бағалайтындардың қатары 0,65%-ға төмендеген (2 тоқс.-7,64%, 3 тоқс.-6,99%).  

 Облыс тұрғындарының басым көпшілігі этносаралықжәне конфессияаралық  жағдайды тыныш және бақуатты деп бағалауда.

Әлеуметтік сауалнамалар көрсеткендей, тұрғындардың тұрғылықты жерінде этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас мейірімді, тыныш және қақтығыстарға жатпайды деп бағалайтын респонденттердің үлесі көбейген. Орта есеппен алғанда, олардың тұрғылықты жерінде этносаралық және конфессияаралық қатынастарды оң бағалайтын респонденттердің саны 1,27%-ға  (2 тоқс.-92,91%, 3 тоқс.-94,18%), тиісінше, өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі дінаралық қатынастарды сипаттайтын респонденттердің достық деңгейдегі үлесі 0,5%-ға (2 тоқс.-90,36%, 3 тоқс.-90,86%) өскенін айта кету керек.

               Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас жағдайын шиеленісті және жанжалды деп респонденттердің 8,59%-ы бағалады (2 тоқс.-7,72%).

              Респонденттердің өмір сүріп жатқан аймақтарында түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы қарым-қатынас өткен тоқсанмен салыстырғанда өзгерген.

              Ашық этносаралық және конфессияаралық жанжалдардың көрінісін біржолата жоққа шығаратын респонденттердің үлесі 1,5%-ға өскен (2 тоқс.-52,18%, 3 тоқс.-53,68%).

              Сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынаста ашық жанжалдардың болуы екіталай  дейтін респонденттердің үлесі 0,77%-ға өскен (2 тоқс.-26,09, %, 3 тоқс.-26,86%).

              Сонымен қатар, аймақтағы ашық этносаралық және конфессияаралық қақтығыс көріністері болуы мүмкін деген респонденттердің үлесі 0,5%-ға төмендеген (2 тоқс.-9,45%, 3 тоқс.-8,95%).

              Зерттеулердің нәтижесінде егер өз этникалық немесе діни топтардың мүдделері қозғалған жағдайдағы ашық наразылық акцияларына қатысуға деген аумақ тұрғындарының жеке дайындығында елеулі өзгерістер анықталған жоқ.

              Әрбір 2-ші респондент (2 тоқс.-59,09%, 3 тоқс.-59,05%) бірауыздан мұндай жанжалдарға қатысуы ықтимал екендіктерін көрсетті. Сондай-ақ,  жанжалдарға қатысуға қарсы респонденттердің саны бұрынғы деңгейде қалды (2 тоқс.-40,91%, 3 тоқс.-40,95%).

              Жалпы зерттеу нәтижелері жамбылдықтардың этносаралық және дінаралық төзімділігінің жоғары деңгейде екендігін көрсетті.

IV. Елбасының 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын білу деңгейі, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын қолдау деңгейі

Жалпы, әлеуметтік зерттеу мәліметтері облыс тұрғындарының еліміздегі бағдарламалық құжат мазмұнынан жоғары деңгейде хабардар екенін көрсетті (2 тоқс.-95,64%, 3 тоқс.-96,64%). Оның ішінде, мазмұнын жақсы білетіндер-61,32%-ға (2 тоқс.-62,73%), ал 35,32%-ы (2 тоқс.-32,91%) негізгі артықшылығы туралы түсінік қалыптастырған. Жалпы, өткен тоқсандағы өлшемдермен салыстырғанда, халықтың ақпараттандырылу деңгейінің өсуі байқалады.

 Бағдарламалық құжаттың мазмұнын білмейтіндердің қатары 1,0%-ға (2 тоқс.-4,36%, 3 тоқс.-3,36%) төмендеді.

Тұрғындардың басым көпшілігі Елбасы Жолдауының міндеттерін оң бағалайды.

Яғни, еліміздің бағдарламалық құжатымен танысқан әрбір екінші респондент (2 тоқс.-40,4%, 3 тоқс.-44,91%) Жолдауды жүзеге асыру жаһандық сын-қатерлерге лайықты және тиімді жауап болмақ деп санаса, тағы сұралғандардың үштен бір бөлігі (2 тоқс.-32,18%, 3 тоқс.-34,86%) Жолдауды орындау-Қазақстанның үшінші жаңғыртылуын жүйелі түрде іске асыруға мүмкіндік береді деген сенімді ұстануда.

Президент жеткізген көптеген пікірлермен келіспейтіндіктерінің деңгейі 0,68%-ға төмендесе (2 тоқс.-3,73%, 3 тоқс.-3,05%), Мемлекет басшысының Жолдауда көрсеткен міндеттері шынайы емес дейтін респонденттер 1,82%-ды (2 тоқс.-1,64%) құрады.

Сонымен қатар, сұралғандардың көпшілігі  Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары оң нәтижеге қол жеткізіп жатқандығын сезінетіндіктерін жеткізді (2 тоқс.-69,64%, 3 тоқс.-68,00%).

Елбасының жыл сайынғы Жолдауының орындалуы барысында оң нәтижеге қол жеткізіп жатқандығын толық сезінбейтіндер сұралғандардың  25,7%-ын (2 тоқс.-24,18%) құрады.

Жолдаудың орындалу барысын бүгінгі таңға дейін сезінген жоқпын деп сыни тұрғыдан жауап берген респонденттер саны 4,56%-дан 4,50%-ға төмендеген.

Жалпы  зерттеу нәтижелері «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын қоғамның оң қабылдап жатқандығын және оны іске асырудағы реформаларды қолдайтындықтарын көрсетті.

Осылайша, облыс тұрғындарының ауылшаруашылық жерлерді нарықтық айналымға енгізу бойынша өткен тоқсанмен салыстырғанда 72,73%-дан 77,09%-ға өскен.

 Жалпы, кіріс және шығыс салық декларациясын енгізуді қолдайтындар 2-ші тоқсанмен салыстырғанда 0,73%-ды құрап, 73,36%-дан 74,06%-ға өскен.

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша да шамалы өсім 0,5%-ды құрап, 75,73%-дан 76,23%-ға өскен, азаматтарды уақытша тіркеу тәртібі бойынша 6,14%-ды құрап, 67,09%-дан 73,23%-ға өсім байқалады.

 Білім беру жүйесінде-жоғары сыныптарға ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу (2 тоқс.-76,36%, 3 тоқс.-75,59%), азаматтық біртектілікті нығайтудың «Мәңгілік Ел» ұлттық жобасын жүзеге асыру (2 тоқс.-81,73%, 3 тоқс.-77,27%), жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру (2 тоқс.-79,09%, 3 тоқс.-77,73%), қоғамдық кеңестер құру (2 тоқс.-77,0%, 3 тоқс.-75,27%) бойынша айтарлықтай емес өзгерістер байқалады.

Осылайша, өңір тұрғындарының басым бөлігі Елбасының Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын қолдайды.

V. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын білу деңгейі мен бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттарын қолдау деңгейі

Әлеуметтік мәліметтер көрсеткіштеріне жасалған талдауға сәйкес, сұралған жамбылдықтардың 93,59%-ы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мазмұнынан қандай да болсын хабардар екендіктері анықталған. Яғни, сұралғандардың 51,0%-ы бағдарламалық құжат мазмұнын жақсы білетіндіктерін білдірсе, тағы 42,59%-ы бағдарламалық құжаттың негізгі аспектілері туралы жалпы түсініктері барын білдірген.

         Бағдарламалық құжаттың мазмұны туралы білмейтіндер респонденттердің 6,41%.-ын құрады.

         Алдыңғы тоқсан өлшемдерімен салыстырғанда Елбасымен ұсынылған қоғамның рухани жаңғыру бағытын қолдап, мақұлдайтындардың саны 3,59%-ға өскен (2 тоқс. - 70,82%, 3 тоқс.-74,41%).

         Дегенмен, қоғамның рухани жаңғыру бағытындағы реформаларды қолдамайтын респонденттердің саны алдынғы тоқсан мәліметтерімен салыстырғанда 0,41%-ға төмендеген (2 тоқс.-15,36%, 3 тоқс.-14,95%). Сәйкесінше, жауап беруге қиналатындар саны 3,18%-ғаазайған (2 тоқс.-13,82%, 3 тоқс.- 10,64%).

         Жалпы, қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған басты жобаларды мақұлдау мен қолдауда елеулі өзгерістер анықталған жоқ.

         Сонымен, бұрынғысынша, қолдаудың сәйкесінше жоғары деңгейі өзінің «шағын отанын» қолдау «Туған жер» жобасы бойынша (2 тоқс.-78,09%, 3 тоқс.-80,05%), «Қазақстанның киелі жерлері» жобасында жалпыұлттық «киелі орындарды» сақтау (2 тоқс.-78,82%, 3 тоқс.-78,0%), «Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» жобасы (2 тоқс.-78,64%, 3 тоқс.-78,41%), «Әлемдік ғылым мен технологияның, гуманитарлы білімнің соңғы жетістіктерін сипаттайтын мемлекеттік тілде 100 жаңа оқулық шығару (2 тоқс.-71,36%, 3 тоқс.-76,14%), «Қазақстандағы 100 жаңа есім» (2 тоқс.-69,27%, 3 тоқс.- 75,59%). жобалары бойынша тіркелді.

         Тек қана қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуы бойынша жобасын әрбір 2-ші респондент мақұлдап қолдайды (2 тоқ.-51,0%, 3 тоқ.-51,09%).

         Бұл бағытта сұралғандардың әрбір үшіншісі (2 тоқ.-34,55%, 3 тоқ.-32,73%) қазақ тілінің латын қаріпіне көшуі бойынша реформасын қолдамай, сыни көзқарас танытқан. Осы орайда, бұл көрсеткіштердің 2-ші тоқсан мәліметтерімен салыстырғанда 1,82%-ға азайғандығын ескерген жөн.

         Жалпы, ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанындағы зерттеу қорытындылары бағдарламалық құжаттың негізгі аспектілері туралы халықтың жоғары ақпараттандырылу деңгейін, рухани жаңғыру бағытын қолдау мен мақұлдаудағы оң серпінді, сондай-ақ, тұрғындардың Елбасымен ұсынылған негізгі жобалардың іргелілігі мен маңыздылығын түсінетіндіктерін көрсетеді.

VI. Наразылық акцияларына қатысу және олардың орын алу ықтималдылығы

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің көпшілігі қазіргі кезеңде наразылықтың орын алуы екіталай (2 тоқ.-39,27%, 3 тоқ. – 29,27%) және орын алуы мүмкін емес (2 тоқ.- 27,73%, 3 тоқ.-32,45%) деп санайды.

Сонымен бірге, орташа 28,36% респондент наразылық акцияларының орын алу мүмкіндігін жоққа шығармайды, бұл алдыңғы көрсеткіштермен (23,82%) салыстырғанда 4,54%-ға жоғары.

Наразылық акцияларына шығу мүмкіндігі ретінде көбіне экономикалық мәселелер көрсетілген: жұмыстан босатылу, қысқару (2 тоқ.-25,27%, 3 тоқ.-29,68%), ең қажетті тауар бағаларының қымбаттауы (2 тоқ.-12,27%, 3 тоқ.-16,05%), еңбекақының төленбеуі (2 тоқ.-9,91%, 3 тоқ.-16,36%).

Сондай-ақ, наразылық акцияларына алып келуі мүмкін себептердің қатарында: сыбайлас жемқорлық (2 тоқ.-6,73%, 3 тоқ.-5,00%) пен жер реформасы (2 тоқ.-6,36%, 3 тоқ.-5,77%) бар.

Өмір сүру деңгейі күрт төмендесе халықтың көпшілігі (62,59%-ы, алдыңғы тоқсанда - 62,91% болған) шыдайтындықтарын білдірген.

Сонымен қатар, өмір сүру деңгейі күрт төмендеуі мүмкін респонденттер  (7,18%)1,46%-ға көбейіп, 8,64%-ды құрап отыр. Аштық жариялауға бейім респонденттер саны 2-ші тоқсанға қарағанда 0,64%-дан 0,86%-ға өсіп, 0,22%-ды құрады.

Сонымен қатар, әрбір екінші респондент (2тоқс.-52,45%, 3 тоқс.-51,91%) наразылық акцияларын қоғамдық пікірдің ықпалды механизмі деп санайды.

 Оларға мәселелерді шешудің одан да бейбіт және тиімді тәсілдері бар деп көрсеткен респонденттер үлесі 3,41%-ға өскенін (2 тоқс.-24,73%, 3 тоқс.-28,14%) көрсетеді.

VІІ. Мемлекеттік басқару институттарының, саяси партиялардың рейтингі

Жалпы зерттеу мәліметтері көрсеткендей, жамбылдықтардың орталық және жергілікті билік органдарына көзқарасы оң.

ҚР Президентіне (2-тоқс.-90,64%, 3 тоқс.-87,7%), ҚР Үкіметіне (2 тоқс.-83,27%, 3-тоқс.-84,45%), ҚР Парламентіне (2 тоқс.-80,09%, 3 тоқс.-81,05%) деген сенім деңгейі тұрақты жоғары дәрежеде.

Жергілікті билік органдарындағы облыс әкімінің (2 тоқс.-80,09%, 3 тоқс.-75,09%), Тараз қаласы әкімінің (2 тоқс.-69,64%, 3 тоқс.-68,82%), аудан әкімдерінің (2 тоқс.-78,09%, 3 тоқс.-79,18%), ауылдық округ әкімдерінің (2 тоқс.-78,27%, 3-тоқс.-82,73%) тиімділік дәрежесі жоғары деңгейде қалып отыр.

Саяси партиялар арасында «НұрОтан» партиясы көш бастап тұр, партияның сенім деңгейі 2,63%-ға өсіп, 2-ші тоқсанмен салыстырғанда 77,55%-дан 80,18%-ға өскен.

Рейтинг тізімінің екінші қатарында 7,55%-бен «Ақ жол» ҚДП-сы орналасқан. Осы жылдың 3-ші тоқсанында сенім деңгейі 1,36%-ға төмендеген (2 тоқс.-8,91%).

Үшінші орында – 6,0% нәтижемен «Ауыл» партиясы орналасқан. Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 2,27%-ға өскен (2 тоқс.-3,73%).

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы 2-ші тоқсанға қарағанда 1,82%-ға төмендеп қазіргі уақытта 2,91%-ды құрады (2 тоқс.-4,73%).

Төмен деңгейдегі партиялар құрамында «Бірлік» партиясымен (2 тоқс.-2,55%, 3 тоқс.-1,73%) ОСДП (2 тоқс.-0,73%, 3 тоқс.-0,91%) партиясы. 

Қорытындылар

           1.Зерттеу мәліметтері бойынша облыста ағымдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, этносаралық және дінаралық ахуалды тұрғындардың басым көпшілігі  оң қабылдап, бағалайды.

           2.Облыс тұрғындарының басым көпшілігі Мемлекет басшысының 2017 жылғы 17 қаңтардағы қоғамдық сананы жаңғырту туралы Жолдауының мазмұнымен жоғары деңгейде ақпараттанған.

          3.Елбасы ұсынған қоғамның рухани жаңғыру бағыты бойынша оң нәтиже көрсетіп 3,59%-ға өскен (2 тоқс.-70,82%, 3 тоқс.-74,41%).

          4.Облыс тұрғындарын мазалайтын әлеуметтік проблемаларға азық-түлік бағаларының өсуі, еңбек ақысының төмендігі мен жұмыссыз қалу қаупін көрсетті.

Алдыңғы тоқсанның деректерімен салыстырғанда халық арасындағы өзекті проблемалар айтарлықтай өзгерген жоқ.

           5.Сұралғандардың басым көпшілігі аумақта жаппай наразылық акцияларының орын алу мүмкіндігін жоққа шығарады. Респонденттердің 61,72%-ы наразылық акцияларының болуы екіталай және мүмкін емес деп жауап берді.

          6.Зерттеу қорытындысы орталық және жергілікті билік органдарына деген тұрақты жоғары сенім рейтингін көрсетуде. Саяси бағытта аумақ тұрғындары үшін сөзсіз көшбасшы болып «Нұр Отан» партиясы саналуда.

         7.Жалпы зерттеу қорытындысы бойынша облыстағы ахуалдың жағымсыз жағына қарағанда жағымды жағдайдың басымдығын байқатты.

         Жалпы зерттеу қорытындылары облыста қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылылығы мен оның одан әрі сақталуына аумақ тұрғындарының сеніммен қарайтындығын, сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформаларды халықтың толық қолдайтындығын көрсетті.

 

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
 
Күнтізбе