Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

2017 жылдың IV тоқсанында өңірдегі қоғамдық саяси ахуалды зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг нәтижелеріне Талдау

Басты бет / Қоғамдық саяси ахуал / 2017 жылдың IV тоқсанында өңірдегі қоғамдық саяси ахуалды зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг нәтижелеріне Талдау

2017 жылдың IV тоқсанында өңірдегі қоғамдық саяси ахуалды зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг нәтижелеріне Талдау

Ағымдағы жылдың IV тоқсанында бірыңғай зерттеу әдіснамасы бойынша қоғамдық-саяси ахуалға әлеуметтік мониторинг жүргізілді. Зерттеуге 1000 адам қатысты. Ақпарат жинау әдісі жеке сұхбат жүргізу түрінде өткізілді. Әлеуметтік зерттеу облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласында жүргізілді.

1. Әлеуметтік көңіл-күй көрсеткіштері

 Зерттеу барысында әлеуметтік көңіл-күйдің маңызды аспектілерінің бірі ретінде облыс халқының әлеуметтік әл-ауқаты дәстүрлі көрсеткіштермен өлшенді: жалпы өмір сүрудің қанағаттануы (әлеуметтік бейімделу) және отбасының қаржылық жағдайын өзіндік бағалау (ағымдағы, күтілетін).

 Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, облыс тұрғындары жариялаған өмірге қанағаттану деңгейі айтарлықтай жоғары. Оң бағалаудың жалпы үлесі («толық қанағаттанамын», «жалпы қанағаттанамын», «бәрі жақсы, өмір сүруге болады») 93,1%-ды құрап, «қанағаттанбайтындар» 4,15%-ды құрады.         Сондай-ақ жамбылдықтар арасында әлеуметтік жағдайға деген оптимистік көзқарас деңгейі айтарлықтай жоғары. Облыстың әрбір екінші тұрғыны өмірлерінің айтарлықтай жақсы жаққа өзгеретініне сенімді (52,24%), ал әрбір төртінші тұрғын (24,87%) өмірлерінің біршама жақсаратынына сенімді.         Сұралған респонденттердің әрбір алтыншысы (15,93%) өмірлерінде елеулі өзгеріс болады деп күтпейді. Пессимистік көзқарастағы азаматтардың үлесі 3,17%-ды құрап, олардың өмірі әлдеқайда нашар және біршама нашар болады деп санайды.         Материалдық жағдайы мен әл-ауқаты жақсы және орташа деңгейдегі респонденттердің үлесі 91,42%-ды, ал материалдық жағдайы төмен «айлықтан айлыққа дейін өмір сүреміз, ақша тамаққа да жетпейді» дейтін экономикалық тұрғыда кедей топтағы адамдары үлесі 7,05%-ды құрады.

2. Әлеуметтік-экономикалық жағдай

Қоғамдық пікір өлшемдерінің мәліметтеріне сәйкес респонденттердің 82,59%-ы Қазақстанның экономикалық жағдайын бақуатты және белгілі дәрежеде бақуатты ретінде сипаттады.         Қазақстанның экономикалық жағдайын бақуатсыз және бақуатсыз деуге болады деп есептейтіндердің үлесі – 7,01%-ды құрады.         Жалпы алғанда респонденттердің тұрғылықты жеріндегі экономикалық жағдайды оң бағалау тіркелді.         Тұрғылықты жеріндегі экономикалық жағдайды қолайлы және қолайлырақ деп бағалайтындар 81,15%-ды құрады.         Тұрғылықты жеріндегі экономикалық жағдайды қолайлы емес және қолайсыз деп бағалайтын респонденттердің жалпы саны 9,44%-ды құрады.         Елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда, өзінің тұрғылықты жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты нәтижелер келесідей:   Респонденттердің жартысына жуығы (45,78%) өз өңірінен басқа өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсы деп санайды, төрттен бірі (26,18%) басқа өңірлердегі өмір жақсы деп айтуға бейім. Респонденттердің тек 13,53%-ы ғана басқа өңірлердегі өмірді өз өңірлеріндегі өмірден айырмашылығы жоқ деп санайды.         Басқа өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды нашар деп бағалайтындардың жалпы үлесі 7,92%-ды құрады. Оның ішінде респонденттердің 1,44%-ының ойынша басқа өңірлердегі өмір өз өңіріндегідей нашар, 4,83%-ның ойынша нашар, 1,66%-ының ойынша әлдеқайда нашар. Жалпы зерттеу нәтижелері көрсеткендей облыс тұрғындарының басым көпшілігі өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды оң бағалап, көңіл-күй көтеріңкі деңгейде екенін атап өтті.          Зерттеу барысында респонденттерге бірқатар өзекті мәселелерді атап өту ұсынылды.          Зерттеу нәтижелері бойынша облыс тұрғындары үшін ең өзекті мәселелер анықталды.          Тұрғындар ең өзекті мәселе ретінде ең қажетті тауарлар мен коммуналдық қызметтерге бағалардың өсуін атап өтті. Аталған мәселелер сұралғандардың 62,08%-ы үшін маңызды болып табылады.           Сондай-ақ, облыс тұрғындары маңызды мәселе ретінде теңгенің құнсыздануы, инфляция (43,26%) және жанармай бағасының өсуі (47,49%) мәселелерін де атап өткен. Респонденттердің үштен бірі үшін діни секталардың таралуы мен террористік актілердің қауіп-қатері (34,70%), жұмыс орындарының қысқаруы, жұмыссыздық (28,84%), сыбайлас жемқорлық, билік органдары жұмысының жабықтығы (29,0%), автомобиль жолдары жағдайының нашарлығы (30,27%), медициналық қызмет сапасының төмендігі (33,80%), жастарды жұмыспен қамтамасыз ету (33,55%), қолжетімді баспана алу мүмкіндігі (36,31%) сияқты мәселелер өзекті болуда.           Сонымен қатар, респонденттердің төрттен бірі қылмыстың өсуі (25,81%), жұмыс орындарында еңбек құқықтарының сақталмауы (24,32%), білім беру қызметінің сапасы (25,35%), қоршаған ортаны ластау, экология мәселелері (27,79%), ішімдік (23,91%), нашақорлық (24,46%) сияқты мәселелерді де өзекті мәселе ретінде көрсеткен.          Маңыздылығы жағынан респонденттер жалақыны уақытылы төлемеу (18,91%), мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілу (22,08%), әлеуметтік кепілдіктердің болмауы, әлеуметтік қорғалмау (18,73%), ХҚКО-ры жұмысының сапасы (16,51%), ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар (15,10%) сияқты мәселелер де өзекті болып табылады. Тұтастай алғанда зерттеу нәтижелері ең өзекті мәселелердің іс жүзінде өзгермегенін көрсетеді  Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мемлекеттік органдар облыс тұрғындарының мәселелерін шешеді деген сенім деңгейі өте жоғары. Респонденттердің 78,9%-ы мемлекеттік органдар мәселені толық шешетініне сенімді, олардың әрбір екіншісі (50,32%) мемлекеттік органдар мәселені шешеді деп жауап берсе, 28,58%-ның ойынша мемлекеттік органдар мәселені шешуде біршама әрекет етеді деп жауап берген.          Ал сұралғандардың 13,73%-ны мемлекеттік органдар мәселені шешпейді деп жауап берген.           Зерттеу барысында облыс тұрғындарының көші-қон мәселесіне деген көзқарасы анықталды. Мәселен, «Сіз өзіңіз тұратын жерді тастап кету ниетіңіз бар ма?» деген сұраққа әрбір екінші (53,81%) респондент басқа жаққа көшу ниеті жоқтығын көрсеткен.          Респонденттердің 30,03%-ы өздерінің тұрғылықты жерін өзгертуге дайын  екенін, оның 19,46%-ы облыс аумағында ғана басқа жерге баратынын, ал 10,57%-ы  Қазақстанның басқа аймағына көшуге дайын екенін айтқан.          Басқа мемлекетке көшуге дайын респонденттер үлесі 6,26%-ды құрады.          Тұрғылықты мекен-жайды өзгертудің негізгі себептері – жұмыс іздеу, жалақы табу (32,7%), жақсы өмір сүруге ұмтылу (18,68%), болашаққа деген сенімсіздік (9,62%).          Сондай-ақ, облыс тұрғындары үшін тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруға қолайсыз экология (6,06%), білім алуға деген ұмтылыс (3,82%), балаларды тәрбиелеу мен дамыту мүмкіндіктерінің жоқтығы (2,39%), әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейінің төмендігі (1,75%), өз өмірі үшін алаңдаушылық, қылмыс (1,15%) сияқты мәселелер түрткі болуы мүмкін. Сұралғандар үшін тұрғылықты мекен-жайын өзгертуге ең аз ықпал ететін мәселелер қатарында жемқорлық, құқықтық мәдениеттің төмендігі (0,66%) мәселелері аталып өткен.

3. Билік және мемлекеттік органдарға көзқарас

Тұтастай алғанда, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясат облыс халқының көпшілігінің көңілінен шығады (78,21%), жалпы қолдайтындар – 50,80%-ды, кейде қолдап, кейде қолдамайтындар – 27,41%-ды құрады. Қарсы пікір білдірген респонденттер саны – 12,54%-ды құрайды, оларға жалпы мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясат ұнамайды.          Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік саясатты қолдау және қолдамау көрсеткіштері шамамен осындай деңгейінде қалыптасты.          Мәселен, респонденттердің 80,48%-ы елдегі экономикалық саясатқа, 77,25%-ы әлеуметтік саясатқа қанағаттанады. Шамамен әрбір 13-ші респондент (12,39%) мемлекеттің экономикалық саясатына қанағаттанбайды, әлеуметтік саясатты қолдамайтындар үлесі – 12,73%-ды құрады.          Зерттеудің негізгі мақсатарының бірі – қоғамдық-саяси ахуалға әсер  ететін облыс тұрғындарының саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарға деген сенімін анықтау болып табылады.          Жалпы алғанда, зерттеу деректері бойынша, Жамбыл халқының орталық және жергілікті билік органдарына деген сенімі тұрақты.          Елбасы, Үкімет, Парламент және облыстың бірінші тұлғалары, барлық деңгейдегі әкімдерге деген сенім рейтингтері тұрақты болып қауда.          Облыс тұрғындары басым көпшілігі ел Президентінің Қазақстан халқының әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған саясатын мақұлдайды және қолдайды. Мемлекет басшысына деген сенім деңгейі 97,78%-ды құрады.          Қазақстан Республикасының Үкіметі (96,76%) және Қазақстан Республикасының Парламенті (94,3%) жоғары сенім көрсеткіштеріне ие.          Сот жүйесіне сенім көрсеткіші 95,07%-ды құрады.          Облыс әкіміне деген сенімділік деңгейі бұрынғыша (93,3%) жоғары деңгейде өзгеріссіз қалды.          Ауылдық округ әкімдеріне сенім көрсеткіші облыс әкіміне қарағанда сәл төмендеу (93,21%).          Барлық деңгейдегі мәслихаттарға сенімділік деңгейі бірдей болды. Мәселен, сұралғандардың 92,52%-ы облыстық мәслихатқа, ал 92,40%-ы аудандық мәслихаттарға сенім білдіреді.          Құқық қорғау органдарына сенім деңгейі 89,98%-ды құрады.          Азаматтық қоғам институттарының арасында Қазақстан халқы Ассамблеясы сенім арту деңгейі бойынша (90.13%) көш басында тұр.          Сенім арту деңгейі бойынша келесі орындарда саяси партиялар мен Қоғамдық кеңестер тұр, оларға сәйкесінше тұрғындардың 89,91%-ы және 89,25%-ы сенім білдіреді.          Үкіметтік емес ұйымдар (87,86%) мен кәсіподақтарға (88,69%) тең дәрежеде сенім артылады.          Этномәдени бірлестіктер (87.27%) мен діни бірлестіктер (87.21%)  сенім білдіру бойынша бірдей деңгейде.          Сондай-ақ, сауалнама қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына да сенімділік деңгейі (92,51%) жоғары болды.          Саяси партиялардың арасында танылу деңгейі мен тұрғындардың ақпараттануы бойынша үздік үштікте «Нұр Отан» (33,28%), «Ақ жол» ҚДП (32,69%) және ҚКХП (28,25%) партиялары орналасқан.          «Ауыл» (3,71%), «Бірлік» (1,39%) және ЖСДП (0,6%) партияларының танылу деңгейі төмен көрсеткіштерге ие.          «Келе жатқан жексенбіде Қазақстан Республикасы Парламентіне сайлау өтетін болса қай партияға дауыс беретін едіңіз?» - деген сұраққа «Нұр Отан» партиясы саяси партиялар арасында айқын басымдылықпен алдыңғы орында тұр. Жамбылдықтардың 79,15%-ы пайызы «Нұр Отан» партиясына дауыс береді.          Рейтинг бойынша екінші орында – «Ауыл» партиясы орналасқан (4,59%).

         Үшінші орында – «Ақ жол» ҚДП-сы (4,07%).

         Қалған партиялар ЖСДП (0,77%), ҚКХП (2,25%) сәйкесінше рейтингтің соңында келеді.

 

4. Әлеуметтік-саяси жағдай және наразылық әлеуеті

         Жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес респонденттердің 87,75%-ы елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың жай-күйін сәтті және тұрақты деп бағалаған.  Қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыз және «шиеленісті» деп бағалайтындардың үлесі 6,9%-ды құрады.         Зерттеу қорытындыларына сәйкес наразылық акциялары мен жаппай көтерілістердің орын алу мүмкіндігіне қатысты респонденттердің ойы екіге бөлінді.          Респонденттердің 42,82%-ы ондай жағдай орын алуы мүмкін деп жауап берсе, 44,09%-ы наразылық акцияларының орын алуы мүмкін емес деп жауап берген. Ал әрбір жетінші респондент (3,09%) бұл сұраққа жауап беруде қиналатынын айтқан.         Наразылық акцияларының орын алуына – жұмыссыздық, жұмыстан қысқару (22,05%), негізгі тауарларға бағаның өсуі (24,29%), жалақыны төлемеу (17,09%), қоғамдық көлік тасымалы (14,32%) мәселелері түрткі болуы мүмкін.         Сондай-ақ, наразылық акцияларының орын алуына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері (7,17%), банктерден қарыз алушылардың мәселелері, ипотека салымшылары (5,01%), қоршаған ортаның ластануы, экология (2,35%), жергілікті биліктің әділетсіз шешімдері мен әрекетсіздігі (1,93%) секілді мәселелер әсер етуі мүмкін.  Әлеуметтік наразылықтың көрінісін тудыруы мүмкін себептер ретінде қоғамдық қауіпсіздік (яғни, қылмыстың күрт өсуі), мигранттардың (заңды және заңсыз еңбек мигранттары) санының көбеюі, жұмыс берушілердің этностық ерекшелігіне және діни көзқарасына байланысты жұмыскерлердің құқықтарын бұзуы секілді мәселелерді де атап өтсе болады.         Құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда, әрбір төртінші респондент өзінің құқықтарын қорғауға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге (26,99%) жүгінетінін атап өтті.         Сонымен қатар, күрделі жағдай туындап жатса өз құқықтарын қорғау үшін респонденттердің 17,51%-ы жазбаша хабарлауға (кез келген адамға ауызша немесе жазбаша өтініш жасауға), наразылық сипатта бланкілер мен материалдар таратуға дайын.         Респонденттердің 3,59%-ы өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың түбегейлі әдістерін қолданатын айтты, атап айтқанда: респонденттердің 0,87%-ы митингке шығуға бейім, 0,87%-ы демонстрацияға шығуға бейім, 0,74%-ы ереуілдерге қатысуға дайын, оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың жұмысына қатысатындардың үлесі – 0,78%, талаптарының орындалуы үшін аштық жариялайтындардың үлесі – 0,39%, бір адамдық пикет ұйымдастырушылар үлесі – 0,09%, қару ұстауға дайн азаматтар үлесі – 0,24%, тұрғылықты жерін өзгертуге, басқа елге баруға дайын тұрғындар үлесі – 0,39%, өз-өзіне қол жұмсауға дейын респонденттердің үлесі – 0,08%-ды құрады.          Сонымен қатар, сұралған әрбір төртінші респондент (25,36%) бейбіт және мәдениетті әдістерді артық көріп, өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін наразылық акцияларына бармайтынын атап өткен жөн.  Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, облыс тұрғындарының наразылық әлеуетінің деңгейі жоғары емес екені анықталды. Атап айтқанда, «Сіздің тұрғылықты жеріңізде наразылық акциясы немесе жаппай шеру өтсе, сіз оларға қатысасыз ба?» деген сұраққа респонденттердің жартысынан көбісі (51,15%) мүлдем қатыспайтынын мәлімдеді. Сұралғандардың 31,89%-ы мұндай әрекеттерге қатысатынын мәлімдесе, алтының бірі, яғни 16,96%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналатынын айтқан.

ҚОРЫТЫНДЫ

1.  Зерттеу қорытындысына сәйкес облыстағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты.2.  Облыс тұрғындарының өмірге қанағаттану деңгейі жоғары.3.  Әлеуметтік мәселелер арасында облыстың тұрғындары негізінен азық-түлік бағасының көтерілуі, теңгенің құнсыздануы, инфляция және жанар-жағар май бағасының өсуі сияқты нәрселер деп атады.4.  Халықтың айтарлықтай көпшілігі (78,9%) қазіргі кездегі мемлекеттік органдар өзекті мәселелерді шешетініне сенім білдірді.5.  Халықтың басым бөлігі (53,81%) аймақтан кетуге ұмтылмаған. Қазақстанның басқа аймағына көшуге ниетті тұрғындар үлесі 10,57-ға% жетті.6.  Мемлекеттің ішкі, экономикалық және әлеуметтік саясатына облыстың халықтың басым көпшілігі қолдау көрсетеді.7.  Зерттеу қорытындысы орталық және жергілікті билік органдарына деген тұрақты жоғары сенім рейтингін көрсетті. Саяси бағытта аумақ тұрғындары үшін сөзсіз көшбасшы болып «Нұр Отан» партиясы саналуда.8.  Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі аймақтағы наразылық акциясы мүмкіндігін жоққа шығарды (44,09%), бұл пікірге қарсы 42,82%, олардың пікірінше наразылық акциясы орын алуы ғажап емес.9.  Тұрмыс жағдайының нашарлауы жағдайында олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың түбегейлі әдістерін (наразылық акциялары, аштық, ереуілдер және т.б.) қолданатын респонденттердің үлесі 3,59%-ды құрады. Тұтастай алғанда, зерттеудің нәтижелері теріс бағалауға қарағанда жағымды бағалау басым екенін көрсетті.

 

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
 
Күнтізбе