Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы

Ресми сайты

Барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Басты бет / Uvp / Хабарландыру /  Барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)             мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2)             осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3)             Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4)             мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)             осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6)             жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7)             ғылыми дәрежесінің болуы.

 D-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы

 

 

санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

1

D-O-3

109898

148301

2

D-O-4

83353

112 376

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ) барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 1. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету  бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, санаты D-О-4, №6-3.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшының орынбасарының тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді. Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, су бұру жөніндегі құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету, нысандардың бірқалыпты жұмыс істеуіне, экономиканы тұрақтандыруға кедергі жасайтын себептерді жою үшін басқарма басшысының қарауына ұсыныс береді, облыс аумағында суды тазалау нысанының құрылысы бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысады. Облыс аумағында орналасқан кәсіпорындарды, мекемелерді сумен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жинау және тиісті орындарға тапсыру, облыс аумағында суды тазалау нысанының құрылысы бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысады. Су объектілеріне қатысты облыс әкімінің және облыс әкімдігі отырысының шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды. Су объектілеріне қатысты құқықтық сипаттағы құжаттарды әзiрлейдi немесе әзiрлеуге қатысады, құқықтық құжаттарды дайындайды және ресiмдейді, қорытындылар жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында. Мамандығы: су ресурстары және суды пайдалану немесе гидрогеология немесе құрылыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Су Кодексін, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

2. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлікті және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, №05, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің орталық атқарушы органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын облыс аумағында орындау. Кәсіпкерлікті дамытудың ағымдағы жағдайына, облыс кәсіпкерлігін мемлекеттік қаржылық қолдауға бағытталған қаржы құралдарының жұмсалуына және тиімділігіне талдау жүргізу. Облыстың кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алу жұмысын ұйымдастыру және қолдау көрсету. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша жиналыстар ұйымдастыру және өткізу, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын түсіндіру; «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» және де басқа бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қалаларда микрокредит беру және қалалардағы микрокредиттерді кепілдендіру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында кәсіпкерлік субъектілері бизнес-жобаларының ҚР Үкіметінің 19.04.2016 ж. №234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкестігін зерделеу, сәйкес болмаған жағдайда, оларға заңнаманы түсіндіру және құқықтық көмек көрсету. Бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функцияларды уақтылы және сапалы орындауға, жоғары тұрған органдарға мәліметтер мен ақпараттар ұсынуға бақылау жасау. Аймақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарынан туындайтын ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу жоспарын жасау және орындауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша жобалардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарау және басшылықтың, Аймақтық үйлестіру кеңесінің және конкурстық комиссияның қарауына ұсыну. Кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктермен және қаржы институттарымен, сондай-ақ «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау. Ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу жоспарларын жасау және орындау. Аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу. Облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын әзірлеу және келісу. Жергілікті тауар өндірушілердің көрмелерін, жәрмеңкелерін, форумдар мен іс-шаралар ұйымдастыру және қатысу. Жүктелген функционалдық міндеттерге сәйкес жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын орындау. Бөлімнің қызметін үйлестіру және ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын (2-ші бағыты), Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі.

3. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы, 1 бірлік, санаты D-О-3, №05-05-1.

Функционалдық міндеттері: өңірдегі ішкі саясат мәселелеріне талдамалы, болжау жұмыстарын жүргізу;  тұрғындардың көңіл-күйлері мен қоғамдық ой-пікірлерін зерделеу; әлеуметтік, қоғамдық-саяси үрдістердің дамуының электронды картасын жүргізу; өңірде ішкі саясат мәселелері бойынша аналитикалық, әдістемелі материалдар, баяндамалар әзірлеу; басшылыққа ұсынылатын анықтамалар мен баяндамаларға талдау жасалып, өзгерістер мен толықтырулар енгізу; өңірдегі өзекті мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау, социологиялық және политологиялық зерттеулер жүргізу; тәуелсіз зерттеу ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау; әлеуметтік зерттеулер негізінде ұсыныстар әзірлеу, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету; қоғамдық үдерістерді демократияландыру; ішкі саясат саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалу мониторингісін және талдауын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау; мониторинг жүргізу жүйесі мен әдістемесін жетілдіру; өңірдегі атқарушы органдар мен қалалық және аудандық әкімдіктерге бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша  ақпараттық, әдістемелік, ұйымдастыруышылық кеңестер көрсету; басқарманыңстратегиялық жоспарын әзірлеу; стратегиялық даму жоспарының көрсеткіштерінің  орындалуына талдау жүргізу; стратегиялық, операциялық жоспарлардың іске асырылуына мониторинг жүргізу; бөлімнің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын, нұсқаулықтарын әзірлеу;  хаттарды, өтініштерді, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау.                                      

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:білімі –құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар  немесе жаратылыстану ғылымдары. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мәдениеттану немесе тарих.

 «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Басқарма басшысының блогы

Толығырақ
 
Күнтізбе